Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011.03.16 N 37/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу қамтамасыз етілсін.
2. Облыс денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында тиісті санаттағы және әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін.
3. Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тізімдерін шақыру комиссияларына уақытында беру;
әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пункті мен теміржол сапаржайында полиция жасақтарының кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Қалалар мен аудандар әкімдері:
шақырылғандарды медициналық куәландыру және шақыру комиссияларының жұмыс істеуі үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттардағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезінде әскерге шақыру пункттерінде жұмыс істеуге қатыстырылатын шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін;
запасқа шығарылған әскери қызметшілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдессін.
5. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 94/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2009 жылғы 8 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3133 болып тіркелді, 2009 жылғы 14 сәуірде N 43 "Сарыарқа самалы", 2009 жылғы 14 сәуірде N 42 "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы М. М. Оспановқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б. Сағынтаев
Келісілді:
Облыс ішкі істер
департаментінің бастығы
2010.04.16 Н. Қыдырғожаев
Облыс қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
2010.04.16 А. Алдажаров