Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" N 51/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 645/8 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 тамызда N 12-3-275 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы N 3-05/221 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының, (IV шақырылған кезекті XXІ сессия) 2010 жылғы 14 сәуірдегі "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 248/21 шешімі және Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XXІІІ сессия) 2010 жылғы 21 шілдедегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІX сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 278/23 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда N 7 "Отарқа" газетінде және 2010 жылғы 11 ақпанда N 6 "Вести Екибастуза" газетінде жарияланған) N 51/1 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Қаулының 3-тармағының 18-тармақшасындағы "облыс әкімінің гранты бойынша оқыған" сөздері "оқу ақыларын төлеу үшін әлеуметтік көмек алғандар" сөздерімен ауыстырылсын;
      Қаулының 3-тармағының 3-тармақшасындағы 2-абзац "3" санымен толықтырылсын;
      Қаулының 3-тармағының 16-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсетуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басы куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама, белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға алған қала жанындағы автобус көлігінде қолданылған жол жүру билеттері";
      4-тармақтың 2-тармақшасының 4-абзацындағы "9" саны "3" санымен ауыстырылсын;
      Қаулының 4-тармағының 14-тармақшасындағы "200000" саны "500000" санымен ауыстырылсын;
      Қаулының 4-тармағының 15-тармақшасындағы "6000" саны "9000" санымен ауыстырылсын;
      Қаулының 4-тармағының 16-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына - қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға жол жүру билетінің толық құнынан 100% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 22 января 2010 года N 51/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2010 год"

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 30 июля 2010 года N 645/8. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области 31 августа 2010 года N 12-3-275. Утратило силу в связи с истечением срока действия - на основании письма акимата города Экибастуза Павлодарской области от 22 августа 2011 года N 3-05/221

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия - на основании письма акимата города Экибастуза Павлодарской области от 22.08.2011 N 3-05/221.

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании решения Экибастузского городского маслихата (очередная XXI сессия, IV созыв) от 14 апреля 2010 года N 248/21 "Об оказании социальной помощи для льготного проезда на пригородном автобусном транспорте (кроме такси) студентам из малообеспеченных семей, детям сиротам, оставшимся без попечения родителей, проживающим в поселке Солнечный города Экибастуза и обучающимся по очной форме в высших и средних специальных учебных заведениях города Экибастуза" и решения Экибастузского городского маслихата (очередная XXIII сессия, IV созыв) от 21 июля 2010 года N 278/23 "О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XIX сессия, IV созыв) от 25 декабря 2009 года N 221/19 "О бюджете города Экибастуза на 2010 - 2012 годы", в целях оказания социальной помощи отдельным категориям граждан, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Экибастуза от 22 января 2010 года N 51/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2010 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 12-3-255, опубликовано в газетах "Отарқа" от 11 февраля 2010 года N 7 и "Вести Екибастуза" от 11 февраля 2010 года N 6), следующие изменения и дополнения:
      в подпункте 18 пункта 3 Постановления слова "обучавшихся по гранту акима области" заменить словами "получавших социальную помощь для оплаты за обучение";
      2 абзац подпункта 3 пункта 3 Постановления дополнить цифрой "3";
      подпункт 16 пункта 3 Постановления дополнить абзацем следующего содержания: "для оказания социальной помощи для льготного проезда на пригородном автобусном транспорте (кроме такси) студентам из малообеспеченных семей, детям-сиротам, оставшимся без попечения родителей, проживающим в поселке Солнечный города Экибастуза и обучающимся по очной форме в высших и средних специальных учебных заведениях города Экибастуза – заявление студента с указанием номера лицевого счета в почтовом отделении акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня, регистрационный номер налогоплательщика, копии удостоверения личности, документа, подтверждающего статус, книги регистрации граждан или справка управления информационно-технической службы департамента внутренних дел Павлодарской области, справка с места учебы, использованные проездные билеты на пригородный автобусный транспорт до пункта назначения и обратно к месту постоянного проживания";
      в 4 абзаце подпункта 2 пункта 4 цифру "9" заменить цифрой "3";
      в подпункте 14 пункта 4 Постановления цифру "200000" заменить цифрой "500000";
      в подпункте 15 пункта 4 Постановления цифру "6000" заменить цифрой "9000";
      подпункт 12 пункта 4 Постановления дополнить абзацем следующего содержания: "студентам из малообеспеченных семей, детям-сиротам, оставшимся без попечения родителей, проживающим в поселке Солнечный города Экибастуза и обучающимся по очной форме в высших и средних специальных учебных заведениях города Экибастуза – ежемесячная социальная помощь для льготного проезда в размере 100% от стоимости полного проездного билета на пригородном автобусном транспорте (кроме такси) до пункта назначения и обратно к месту постоянного проживания".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2010 года.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Оспанкулова Г.А.

      Исполняющий обязанности
      акима города Экибастуза                    Н. Дычко