Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде және білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін үшін жолақы билетінің толық құнының 100 % мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Әлеуметтік көмектің осы түрі "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4) оқу орнынан анықтама;
5) мәртебесін растайтын құжат;
6) "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта байланысы бөлімдеріндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының көрсетілуімен өтініші.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Лепехин
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Балтабекова