Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011.08.22 N 3-05/221 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының, (IV шақырылған кезекті XXІ сессия) 2010 жылғы 14 сәуірдегі "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 248/21 шешімі және Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XXІІІ сессия) 2010 жылғы 21 шілдедегі "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІX сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" N 221/19 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 278/23 шешімі негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда N 7 "Отарқа" газетінде және 2010 жылғы 11 ақпанда N 6 "Вести Екибастуза" газетінде жарияланған) N 51/1 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қаулының 3-тармағының 18-тармақшасындағы "облыс әкімінің гранты бойынша оқыған" сөздері "оқу ақыларын төлеу үшін әлеуметтік көмек алғандар" сөздерімен ауыстырылсын;
Қаулының 3-тармағының 3-тармақшасындағы 2-абзац "3" санымен толықтырылсын;
Қаулының 3-тармағының 16-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсетуге - "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген өтініш, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, жеке басы куәлігінің, мәртебесін растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпараттық-техникалық қызметі басқармасының анықтамасы, оқу орнынан анықтама, белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға алған қала жанындағы автобус көлігінде қолданылған жол жүру билеттері";
4-тармақтың 2-тармақшасының 4-абзацындағы "9" саны "3" санымен ауыстырылсын;
Қаулының 4-тармағының 14-тармақшасындағы "200000" саны "500000" санымен ауыстырылсын;
Қаулының 4-тармағының 15-тармақшасындағы "6000" саны "9000" санымен ауыстырылсын;
Қаулының 4-тармағының 16-тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына - қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) белгіленген орынға дейін және тұрғылықты жеріне қайта қайтуға жол жүру билетінің толық құнынан 100% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру үшін ай сайынғы әлеуметтік көмек".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
Екібастұз қаласы әкімінің
міндетін атқарушы Н. Дычко