Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.04.11 N 168/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы” N 68/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-98 тіркелген, 2010 жылдың 15 сәуірінде "Иртыш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармағында: 3), 30), 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен үйде қызмет көрсетілетін жалғыз бастылар мен жалғыз тұратындарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және мемлекеттік жәрдемақы алушы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (бұдан әрі – МБЖ)";
"30) Елді мекенде тұратын жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде есепке тұрған жағдайда";
"31) Құс шаруашылығы және бақшашылықты дамыту үшін еңбек оңалтуынан өткен кездегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар мен мүгедектер ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға";
2) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) МАӘК және МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ұстау";
"36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне";
3) 3 тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) 35) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
"22) 36) тармақшада белгіленген санаттар үшін – үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
4) 4 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
"35) МАӘК пен МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ай сайынғы ұстау – 2 АЕК мөлшерінде";
"36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне, біржолғы әлеуметтік төлем – 1 АЕК мөлшерінде".
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко