Ертіс ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 07 қазандағы N 358/8 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 01 қарашада N 12-7-108 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 168/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық  әкімдігінің 2011.04.11 N 168/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы” N 68/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-98 тіркелген, 2010 жылдың 15 сәуірінде "Иртыш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2 тармағында: 3), 30), 31) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен үйде қызмет көрсетілетін жалғыз бастылар мен жалғыз тұратындарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және мемлекеттік жәрдемақы алушы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (бұдан әрі – МБЖ)";
      "30) Елді мекенде тұратын жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде есепке тұрған жағдайда";
      "31) Құс шаруашылығы және бақшашылықты дамыту үшін еңбек оңалтуынан өткен кездегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар мен мүгедектер ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға";
      2) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      "35) МАӘК және МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ұстау";
      "36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне";
      3) 3 тармағы мынадай мазмұндағы 21), 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21) 35) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
      "22) 36) тармақшада белгіленген санаттар үшін – үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері";
      4) 4 тармағы мынадай мазмұндағы 35), 36) тармақшалармен толықтырылсын:
      "35) МАӘК пен МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ай сайынғы ұстау – 2 АЕК мөлшерінде";
      "36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне, біржолғы әлеуметтік төлем – 1 АЕК мөлшерінде".
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады