2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы N 68/1 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 наурызда N 12-7-98 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 168/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық  әкімдігінің 2011.04.11 N 168/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек туралы" Заңының 20 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектерді оңалту жөніндегі кейбір мәселелер туралы" N 754 қаулысына, Ертіс аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Ертіс ауданының 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 138-22-4 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы комиссияның құрамы (бұдан әрі – Комиссия) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Комиссия отырысы ай сайын өткізілсін.
      2. Әлеуметтік төлемді алуға құқылы азаматтар санаты:
      1) аз қамтамасыз етілген азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғалар – құжаттандыруды жүргізу үшін;
      2) емделуді қажет ететін аз қамтамасыз етілген азаматтар:
      табысына тәуелді емес, онкологиялық аурулары мен жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар;
      табысына тәуелді емес көру шырағы бойынша 1-топтағы мүгедектер;
      созылмалы ауру түрімен ауыратын тұлғалар – орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық- түлік себетінің құнынан төмен;
      3) әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен үйде қызмет көрсетілетін жалғыз бастылар мен жалғыз тұратындарға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және мемлекеттік жәрдемақы алушы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (бұдан әрі – МБЖ);
      4) ҰОС-ның қатысушыларына және мүгедектеріне, соғысқа қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, қайталап неке құрмаған қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, жалғыз бастыларға, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге - аталып өтетін мерекелік күндеріне: Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні;
      5) 8 наурызға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, 4 және одан көп көпбалалы аналар;
      6) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға бірыңғай бір жекелеген көмек;
      7) балаларды қорғау күні мен Мүгедектерді қорғау күніне, Жаңа жылға - кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына материалдық көмек;
      8) ауданға қажетті педагогикалық кадрларды, медициналық қызметкерлерді және басқадай мамандарды даярлау үшін - орта мектеп бітірушілердің отбасына - атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, аз қамтамасыз етілген отбасына және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жоғарғы оқу орындарының (бұдан әрі- ЖОО) 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші және 5-ші курстарының оқу бөліміне төлем ақы төлеу үшін, интернатура өткен кездегі төлем, тамақтану мен мекенжайына дейін жолақысы, күнкөрісіне ай сайынғы төлем;
      9) 2010 - 2011 оқу жылынан бастап, орта кәсіби оқу орындарында (бұдан әрі - ОКОО) оқып жатқан ата-анасының қамқорынсыз қалған және аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне ай сайынғы тамақтану мен күнкөрісіне және мекенжайына дейін жолақысының төлемі;
      10) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері:
      дәрі-дәрімек алуларына ай сайынғы көмек;
      аудан әкімінен Жеңіс күніне орай сыйлықтар;
      тұрғын үй жөндеуіне;
      телефонға абоненттік төлем;
      Ертіс жолаушылар автокөлік кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ертіс ЖАКК ЖШС) анықтамасына сәйкес, жолақы билетіне байланысты емес жылына бір рет облыс орталығына дейін барып қайту жолына төлем;
      жол жүру құжаттары бойынша Республикалық госпитальдерге баруына жолақысының төлемі;
      тістерін протездеуге;
      мерей тойларына;
      11) жаңа оқу жылына мектепке дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына материалдық көмек;
      12) 80, 90, 100 жастан асқан зейнеткерлер - Қариялар күніне;
      13) туберкулез ауруымен ауыратындарға - Республика көлеміндегі денсаулық сақтау Басқармасының жолдамасы бойынша төлемге; облыс шеңберіндегі дәрігердің жолдауы бойынша емделуіне жолақысының құны;
      14) Чернобыл атом электр стансасында болған апатын жою (бұдан әрі - ЧАЭС) мен Ауған соғысына қатысушылар - санаториялық-емделуге барған кезде ай сайынғы сауықтыру үшін, бір жолғы 7–ші мамырға, Ауғаныстаннан әскерлерді шығару күніне арналған, Жеңіс Күніне орай Ауғандағы әскери қимылға қатысқандар;
      15) үш ай мерзіміне кәсіби оқуға жіберілген жұмыссыздарға материалдық көмек;
      16) 6 ай ішінде өкпе ауруымен ауырғандардың стационарлық емделу курсін өткендерге, жақсы тамақтануын үдете түсу;
      17) отбасының табысына байланысты емес, отбасындағы мүгедек балаларды балалардың церебралды сал ауруымен (бұдан әрі - БЦС) ауыратындарды облыстық оңалту орталығына жөнелтуге;
      18) санаториялық емделу курортына жіберілетін ҰОС қатысушыларына және соларға теңестірілген тұлғаларға, мүгедектерге - жүру жолына төлем;
      19) отбасының құрамы мен табысына байланысты емес келесідей санаттағы азаматтарды (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардан басқа) жерлеуге;
      жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;
      жұмыспен қамту орталығының тіркелуіне байланысты емес – зейнеткерлік жасына дейінгі жұмыс істемеген ерлер - 60 жастан, әйелдер – 55 жастан;
      жасына және жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне байланысты емес, Ауған соғысы мен ЧАЭС апат салдарының жоюына қатысқандар;
      онкологиялық, өкпе аурулары, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруының салдарынан қайтыс болғандар;
      жедел қызметтегі қайтыс болған әскери қызметкерлер;
      18 жасқа дейінгі балалар мен тұлғалар;
      20) 16 жасына дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты аналар;
      21) ЖОО және АОО түлектері, жас мамандар - дәрігерлер мен мұғалімдер ауданның оқу және емдеу орындарына жұмысқа келген және мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандар;
      22) әр түрлі себептермен ата-аналары мен туыстары жағынан қамқорсыз және қамқорлықсыз, тұрақты мекенжайсыз және қорғаншыларсыз қалған кәмелетке толмаған балалар;
      23) табысына тәуелді емес, пәтердегі өрттен киім-кешектерінің, үй-ішінің мүлік заттарының зақымдану салдарынан, күнкөріссіз қалған тұлғалар (бұрынғы алып отырған бір жолғы көмекке байланысты емес);
      24) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен (бұдан әрі - МАӘК) аз қамтамасыз етілген азаматтарға және мемлекеттік жәрдемақы алушыларға (бұдан әрі - БЖ) ірі қара мал мен малазығын сатып алу үшін, бизнес пен жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және бақшашылық пен құс шаруашылығын дамыту үшін;
      25) ай сайын тұрғын–үй коммуналдық қызмет көрсету төлем жөніндегі жеке санаттағы азаматтарға:
      Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер;
      Чернобылшылар;
      Ауған соғысына қатысқандар;
      Ленинград блокадасына қатысқандар;
      концлагерь тұтқындары;
      Венгер соғысына қатысушылар;
      2010 жылдың 1- ші қаңтарына ең аз мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер;
      2010 жылдың 1- ші қаңтарына өтілі толық емес зейнетақы алушы зейнеткерлер;
      26) бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғаларға - бір жолғы материалдық көмек;
      27) әскерден босатылған жедел әскери қызметшілеріне - бір жолғы материалдық көмек;
      28) ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге канализация жүргізу, ауызсу өткізуге, электро қазандықтарымен жабдықтауға, тұрғын үйлердің  күрделі жөндеуін жасауға - бір жолғы материалдық көмек;
      29) тұратын мекенжайы белгісіз және жұмыссыз тұлғаларға - ай сайын үш айға дейін материалдық көмек;
      30) елді мекенде тұратын жүкті әйелдер 12 аптаға дейінгі мерзімде есепке тұрған жағдайда;
      31) құс шаруашылығы және бақшашылықты дамыту үшін еңбек оңалтуынан өткен кездегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар мен мүгедектер ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға;
      32) қайталап неке құрмаған, Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезіңде Қайсарлы еңбегі үшін марапатталған тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, блокадалы Ленинградтың тұрғындарына Жеңіс Күніне орай жекелеген материалдық көмек;
      33) емшектен айырылған бір жасқа дейінгі балалары бар аналарға бала тағамын сатып алу үшін бір жолғы материалдық көмек;
      34) екінші рет некеге тұрмаған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезінде Қайсарлы еңбегі үшін наградалары бар тыл жұмыскерлеріне, концлагерьде тұтқында болғандарға, құрметті азаматтарға, 18 жақа дейінгі жастағы төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға, үйде әлеуметтік қызметкерлердің көмегін пайдаланылатын жалғы тұратын және жалғыз басты зейнеткерлерге – ауызсуды әкелуге бір реттік материалдық көмек;
      35) МАӘК және МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ұстау;
      36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне;
      37) жыл басынан алған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасыларға (бұдан әрі - МБЖ), Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.10.07 N 358/8 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.12.01 N 416/8  (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      3. Әлеуметтік көмекті алу үшін осы қаулының 2-тармағында көрсетілген әрбір санат бойынша келесі құжаттар Бөлімге берілуі қажет:
      1) 2 тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталмыш әлеуметтік төлемге құқықтары бар тұлғаның өтініші, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, бас бостандықтарынан айыру орнынан босатылғаны туралы анықтама, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітапшасы;
      1) 2 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін аталмыш әлеуметтік төлемге құқықтары бар тұлғаның өтініші, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, жеке басының куәлігі, азаматтарды тіркеу кітапшасы, тұрмыс-хал жағдайының тексеру актісі, жанұяның кірісі туралы анықтама;
      3) 2 тармақтың 3), 4), 10), 14), 18), 25), 28), 29), 33) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін, тегі, есімінің, ЖЗТМО бөлімшесінен мемлекеттік арнайы жәрдемақы түрінің, ардагерлер және еңбек ардагерлері кеңесінің, әйелдер және жанұялық-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясы анықтамасы, көрсетілуімен анықтама. Санаториялық-курорттық емделуге санаториялық-курорттық карта.
      Одан басқа, 14) тармақшада көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін қосымша Чернобыл атом электростанция апатын жою (бұдан әрі - ЧАЭС) немесе Ауған соғысына қатысушылар,қажетті сауықтыру жөнінде емделу мекемесінен медициналық анықтама - тоқсан сайын, азаматтарды тіркеу кітапшасы, жеке бас куәлігі;
      4) 2 тармақтың 6),7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін аталмыш әлеуметтік төлемге құқықтары бар тұлғаның өтініші, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларын растайтын куәліктің көшірмелері, азаматтарды тіркеу кітапшасы;
      5) 2)-тармақтың 7), 22) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін, "Қазпошта"АҚ-нан жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      6) 2 тармақтың 8), 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін білім беру жөніндегі қызмет көрсетуге келісім шарттар,оқу орнынан келесі курсқа көшірілгені туралы және өткен курстың қорытындысы туралы анықтама;
      Көмек "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен берілген тізім негізінде көрсетіледі. Тізімде баланың тегі, есімі, туған жылы мен статусы, қорғаушының тегі, есімі, мекен жайы, дербес шоты, жеке куәлігінің нөмірі көрсетіледі.
      7) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін ЗАТМО Ертіс аудандық бөлімшесімен келісілген тізім негізінде. Дербюес шоттың көрсетілуімен өтініш, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, зейнеткер куәлігінің және жеке куәлігінің көшірмелері;
      8) тармақтың 13), 17) - тармақшаларда көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, төлем тізім бойынша жүргізіледі, "Туберкулезге қарсы аурухана" мемлекеттік мекеме;"Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, дәрігердің жолдамасы, жол жүру билеті.
      9) 2 тармақтың 15)- тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, кәсіби оқуға жолдама қағаз, жұмыспен қамту орталығынан анықтама;
      10) 2) тармақтың 17, 20) тармақшаларында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, дәрігерлік-кеңестік комиссиясынан анықтама, медико-әлеуметтік сараптама комиссиясынан;
      11) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жерлеу рәсімін өткізетін тұлғаның өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте шоты қөрсетілген, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, қаза болған жөнінде куәлік, қаза болғанның мәртебесін растау құжаты;
      12) 2 тармақтың 21) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін – медициналық және педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектеріне бір жолғы материалдық көмек төлеу үшін, "Қазпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірі көрсетілген студенттің өтініші, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі, әлеуметтік жеке коды, ЖОО тәмамдағаны туралы диплом, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық;
      13) 2 тармақтың 23) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы, өрт қауіпсіздігі қызметінің қорытындысы,төтенше жағдайлар жөнінде басқарманың қорытындысы;
      14) 2 тармақтың 23) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың дербес шотының көрсетілуімен өтініші, жеке куәлігі, мал дәрігерінің анықтамасы, ірі қара мал басының төлқұжаттары (бұдан әрі - ІҚМБ), тауарларды әкелуге келісім, қосалқы шаруашылығын дамытуға міндеттеме және ауыл мен ауылдық округтері әкімдерінің өтінімдері, ІҚМБ бар тұлғалардан - мал азығын алуға өтініш, ІҚМБ төлқұжаты;
      15) 2 тармақтың 26) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жеке шоты көрсетілген өтініші негізінде, бас бостандығынан айыру орнынан босатылғаны туралы анықтама, жеке бас куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері;
      16) 2 тармақтың 27) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы,әскери билеті, қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің анықтамасы, азаматтарды тіркеу кітабы;
      17) 2 тармақтың 29) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, "Қазпошта" АҚ-да жеке шоты немесе екінші деңгейдегі банкте, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту бөлімінен анықтамалар, ауыл және ауылдық округі әкімдерінен қолдау хаттар;
      18) 2 тармақтың 30), 33) тармақшаларында, көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін жеке шоты көрсетілген төлем тізім бойынша жүргізіледі, жеке бас куәлігінің көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы,медициналық мекемеден анықтама;
      19) 2 тармақтың 31) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жеке шоты көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы жұмыссыздар санынан тұлғалардың өтініші, жеке бас куәлігінің көшірмесі, жұмыспен қамту бөлімінен анықтамалар, ауыл және ауылдық округі әкімдерінен қолдау хаттар, азаматтарды тіркеу кітабы;
      20) 2 тармақтың 28), 34) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтар үшін, жеке шоты көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқылы тұлғалардың өтініші, жеке куәлігі, азаматтарды тіркеу кітабы және шығын сметасы;
      21) 35) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері;
      22) 36) тармақшада белгіленген санаттар үшін – үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі меңгерушісінің тізімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тізімдері;
      23) 37) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің тізімдері.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.10.07 N 358/8 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.12.01 N 416/8 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      4. "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының 2 тармағында көрсетілгендей санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлеу тағайындалсын және санатты азаматтарға қызмет көрсетілсін, мына түрлер бойынша:
      1) 1) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, кіші көлемі - 1 айлық есеп көрсеткіші (бұдан әрі – АЕК);
      2) 2) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін -  бірінші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,- 7,9 АЕК мөлшерінде; екінші және үшінші тармақшаларында - 4АЕК;
      3) 3) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жылдық жазылымға - аудандық газетіне, облыстық газетіне "Наш край", "Сарыарқа самалы" және "Звезда прииртышья", республикалық газеттеріне "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" - нақты құны бойынша;
      4) 4) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, аталып өтетін мерекелік күндеріге "Жаңа жыл", "8 Наурыз", "Наурыз мейрамы", "Қарттар күні", "Тәуелсіздік күні": 4 АЕК мөлшерінде;
      5) 5-тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, Аудан әкімінен 8 наурыз күніне - 4 және одан көп балалары бар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға - 3 АЕК мөлшерінде;
      6) 6-тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, көпбалалы "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған аналарға - 1,5 АЕК мөлшерінен көп емес, "Күміс алқа" - 1,0 АЕК мөлшерінде;
      7) 7-тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, Жаңа жылға, Балаларды қорғау күніне және Мүгедектер күніне – аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына, толық жетімдерге, мүгедек-балаларға – көп дегенде 3 АЕК мөлшерінде;
      8) 8-ші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, аз қамтамасыз етілген отбасылар және ата-анасының қамқорынсыз қалған орта мектептің түлектері - Атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоғары оқу мекемелерінде (бұдан әрі-ЖОО)1, 2, 3, 4, 5, 6, курстарында оқу үшін және студенттерге интернатура өткен кезде жасалған келісімшарт бойынша толықтай оқу төлемі бойынша, тұру үшін айсайынғы төлем, тамақтану мен тұратын жерге дейін жолақысы – оқыған кезде 5,5 АЕК мөлшерінде:
      9) 9-ші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, аз қамтамасыз етілген отбасының студенттеріне тұрып жатқан жеріне, тамақтануына және тұрып  жатқан мекенжайына барып тұруына, ай сайынғы төлемақы - 5,5 АЕК мөлшерінде:
      10) 10-ші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, ҰОС мүгедектері мен қатысушылары дәрі-дәрмек алу үшін ай сайынғы көмек - 2 АЕК мөлшерінде;
      Жеңіс Күніне орай жиынтық сыйлықтар (ҰОС-ның мүгедегі немесе қатысушысы қаза тапқан кезде, жыл сайын 1-ші сәуірден бастап, 9-шы мамырдың кезеңі бойынша жиынтық сыйлығы отбасына беріледі) - 22,0 АЕК мөлшерінде;
      тұрғын-үйді жөндеуге 10 АЕК мөлшерінде;
      телефонның абоненттік төлемақысына - ауданның байланыс торабы телекоммуникациясының белгілеген мөлшерлік бағасы бойынша;
      жолақы билетінің бар екендігіне тәуелді емес, "Ертіс ЖАКК" ЖШС анықтамасы бойынша, жылына бір рет, облыс орталығына дейін және кейін қайтуына жолақысының төлемі - 1 АЕК мөлшерінде;
      жолақысының құжаттары бойынша, республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі;
      тістерін протездеуге - 11,8 АЕК мөлшерінде;
      бір мәртелік материалдық көмек – 0,8 АЕК мөлшерінде;
      11) 11-ші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,жаңа оқу жылына қарсы аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына - бір балаға де 11,8 АЕК мөлшерінде;
      12) 12-ші тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, Қарттар күніне зейнеткерлерге:
      80-89 жастағы – 1,6 АЕК мөлшерінде;
      90-99 жастағы – 2 АЕК мөлшерінде;
      100 және одан асқан жастағы - 4 АЕК мөлшерінде;
      13) 13) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,туберкулез ауруымен ауыратындарға - Қазақстан Республикасы шеңберінде денсаулық сақтау басқармасының жолдауы бойынша төлемге, жол құжаттарына сәйкес, облыс шеңберінде дәрігердің жолдауы бойынша емделуге баратын жолақының құны;
      14) 14) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, ЧАЭС апатын жою мен Ауған соғысына қатысқандарға тоқсан сайын сауықтыруына көмек – санаториялық-курорттық емделуге барған кезде 2 АЕК мөлшерінде,7-ші мамырға - 4 АЕК мөлшерінде, Ауған соғысына қатысқандарды Ауған жерінен әскерлерді шығару күніне орай - 5 АЕК мөлшерінде, Жеңіс күніне, Ауған соғысына қатысқандарға - 4 АЕК мөлшерінде;
      15) 15) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, Кәсіби оқуға жолдама алған жұмыссыздарға – бір айға: 4 АЕК мөлшерінде;
      16) 16) тармақшасында көрсетілгендей санаттарғы азаматтар үшін, өкпе ауруымен ауырғандардың жақсы тамақтануына - 23,6 АЕК мөлшерінде;
      17) 17) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, отбасы мүгедек балаларының БЦС ауруымен ауырғандарға - отбасының табысына тәуелді емес, облыс оңалту орталығына жөнелтуге - 7,9 АЕК;
      18) 18) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, азаматтарды санаториялық емделу курортына жөнелтуге жолақысына төлем:
      Ардагерлер үйіне, "Ағарту" сауықтыру кешеніне - 1,6 АЕК мөлшерінде;
      Мойылдыға - 1,6 АЕК мөлшерінде;
      Жеке батырға - 7,9 АЕК мөлшерінде;
      Алматыға - 11,8 АЕК мөлшерінде;
      19) 19) тармақшасында көрсетілген санаттағы азаматтар үшін, отбасының құрамы мен кірісіне қарамастан жерлеуге - 23,0 АЕК мөлшерінде, келесі санатты азаматтарға;
      20) 20) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты аналарға  – ай сайын 2 АЕК мөлшерінде;
      21) 21) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, бір жолғы қосымша төлемақы, Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты есептемегенде, жас мамандардың мамандығы бойынша орналасқан мұғалімдерге – ЖОО бітіргендерге – 2,0 АЕК мөлшерінде;
      Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты есептемегенде, дәрігерлерге ЖОО бітіргендерге - 71 АЕК мөлшерінде;
      22) 22) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, кәмелет жасқа толмаған балалар - әр түрлі себептермен ата-аналары мен туыстары жағынан қамқорынсыз және қамқорлықсыз, тұрақты мекен-жайсыз және қорғаншыларсыз қалғандарға - тоқсан сайын материалдық көмек – 3 АЕК мөлшерінде;
      23) 23) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, өрт кесірінен өмір сүру жағдайы жоқ, кездейсоқ апат, сәтсіз оқиға, төтенше жағдайлар кезіндегі ішінара пәтердің, киімдердің, үй заттарының зақымдануына бір мәртелік материалдық көмек – 23,0 АЕК мөлшерінде;
      24) 24) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, көпбалалы отбасылардың және АӘК пен БЖ алушылардың ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек – 80, 0 АЕК астам, жеке шаруашылығы мен бизнесін және бақшашылық пен құс шаруашылығын дамытуға - 31,0 АЕК мөлшерінде;
      25) 25) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, жеке санаттағы азаматтарына турғын үй коммуналдық қызмет көрсету төлемі бойынша материалдық көмек:
      ҰОС қатысушыларына - 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 мамырға дейін ай сайын 10 АЕК мөлшерінде, 1 мамырдан 1 қазанға дейін ай сайын 5 АЕК мөлшерінде, 2011 жылдың 1 қазанынан 1 қаңтарға дейін ай сайын 10 АЕК мөлшерінде; чернобылшыларға, ауған соғысына, Ленинград қорғау, Венгер соғысына қатысушыларына, концлагер тұтқындарына - ай сайын 2 АЕК мөлшерінде; еңбек өтілі толық емес ең аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлерге – ай сайын – 2 АЕК мөлшерінде;
      26) 26) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, бас бостандығының айыру орындарынан босалып келген тұлғаларға – бір мәртелік материалдық көмек – 4 АЕК мөлшерінде;
      27) 27) тармақшасында көрсетілгендей санаттарғы азаматтар үшін, әскери қызметін атқарып келген әскери қызметшілеріне – 4 АЕК мөлшерінде;
      28) 28) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, ҰОС-на қатысушылар мен ҰОС қатысушыларына және мүгедектеріне электр қазандығын орнату, ауызсу және су жүйелерін өткізулеріне бір мәртелік материалдық көмек – шығындану факті бойынша;
      29) 29) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,тұратын жері тұрақсыз тұлғаларды үш ай бойы 5 АЕК мөлшерінде, ай сайын 3 айға дейін;
      30) 30) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, ауылдық мекенде тұратын,12 аптаға дейінгі жүктілік мезгілі кезінде тіркеуге тұрған, жүктілігі бойынша әйелдерге бір жолғы материалдық көмек - 4 АЕК мөлшерінде;
      31) 31) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, жұмыссыздардың ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтар еңбек реабилитацияны өткен кезде, бақшалық пен құс шаруашылығын дамытуға - 30 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық комек;
      32) 32) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, Қайталап неке құрмаған ҰОС қаза болған, жесірлеріне соғыс мүгедектердің жесірлеріне, ҰОС кезінде Қайсарлы еңбегі үшін марапатталған тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына Жеңіс Күніне орай жекелеген материалдық көмек - 4 АЕК мөлшерінде;
      33) 33) тармақшасында көрсетілгендей санаттағы азаматтар үшін, емшектен айырылған бір жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек, бала тағамын сатып алу үшін – ай сайын 2 АЕК мөлшерінде;
      34) екінші рет некеге тұрмаған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне, ҰОС кезінде Қайсарлы еңбегі үшін марапатталған тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, құрметті азаматтарға, 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар көп балалы аналарға – шығын фактісі бойынша;
      35) МАӘК пен МБЖ алушылар балаларын шағын орталықтарда ай сайынғы ұстау – 2 АЕК мөлшерінде;
      36) ымдау тілі маманы мен жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерімен қамтылған мүгедектерге, мүгедектер күніне, біржолғы әлеуметтік төлем – 1 АЕК мөлшерінде;
      37) МАӘК пен МБЖ алушыларға, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)" бір жолғы әлеуметтік төлемақы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.10.07 N 358/8 (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2010.12.01 N 416/8  (жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      5. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енгізілсін және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынасына таралады.
      6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру 2009 жылға арналған аудандық  бюджет көлемінде жүзеге асырылады.
      7. Аудан әкімдігінің: 2009 жылдың 10 сәуіріндегі "2009 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі" МТН 12-7-84, 2009 жылғы 27 сәуіріндегі Ертіс ауданының әділет басқармасында тіркелген, N 128/4 қаулысы, 2009 жылғы 7 мамырдағы N 36-37-38 "Ертіс нұры" газетінде жарияланған, өзгертулер мен толықтырулар енгізілген 2009 жылғы 24 қыркүйектегі "2009 жылға арналған жеке санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" N 128/4 қаулысы, өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы N 327/9 қаулысы, 2009 жылғы 8 қазандағы МТН 12-7-89 нөмірімен тіркелген және 2009 жылы 15 қазанда "Ертіс Нұры" газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы "2009 жылға арналған жеке санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" N 128/4 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 423/11 қаулысы, 2009 жылғы 21 желтоқсанда МТН 12-7-91 нөмірімен тіркелген және 26 желтоқсанда "Ертіс Нұры" газетінде жарияланған, осы қаулыларымен күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы           А. Сәрсембаев

Ертіс ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 25 ақпандағы
N 68/1 қаулысына   
қосымша       

Ертіс ауданы азаматтарының жекеленген
санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
туралы комиссияның құрамы

Алтынай Төлегенқызы Тілеуова

- Ертіс ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы;

Аманбай Құлмырзаұлы Шәріпов

- "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары;

Лора Алексеевна Бондарева

- "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекеменің бас маманы, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

Валентина Антоновна Кузьменкова

- Ертіс аудандық Ардагерлер Кеңесі төрайымы (келісім бойынша);

Алия Теміржанқызы Байтенова

- "Ертіс ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бас маманы;

Ирина Евгеньевна Богданова

- "Ертіс ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекеменің бас маманы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады