Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.04.11 N 168/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/1 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (2010 жылдың 27 наурызда нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-98 тіркелген, 2010 жылдың 15 сәуірінде "Иртыш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
"37) жыл басынан алған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасыларға (бұдан әрі - МБЖ), Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға";
2) 2 тармағының 24) тармақшасындағы "көпбалалы отбасылар санынан" деген сөздер алынып тасталсын:
3) 3 тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) 37) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің тізімдері";
4) 4 тармағы мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
"37) МАӘК пен МБЖ алушыларға, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)" бір жолғы әлеуметтік төлемақы;
5) 4 тармағының 24) тармақшасындағы "62,0 АЕК" төлемақы мөлшері - "80 АЕК" болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко