Ертіс ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/1 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 01 желтоқсандағы N 416/8 қаулысы. Павлодар облысы Ертіс ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 12-7-111 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 168/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.04.11 N 168/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы "2010 жылға арналған Ертіс ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 68/1 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (2010 жылдың 27 наурызда нормативтік-құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-7-98 тіркелген, 2010 жылдың 15 сәуірінде "Иртыш" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2 тармағы мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
      "37) жыл басынан алған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (бұдан әрі - МАӘК) және 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік жәрдемақы алушы отбасыларға (бұдан әрі - МБЖ), Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға";
      2) 2 тармағының 24) тармақшасындағы "көпбалалы отбасылар санынан" деген сөздер алынып тасталсын:
      3) 3 тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
      "23) 37) тармақшада белгіленген санаттар үшін - өтініш, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің тізімдері";
      4) 4 тармағы мынадай мазмұндағы 37) тармақшамен толықтырылсын:
      "37) МАӘК пен МБЖ алушыларға, Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне цифрлық спутниктік теледидарға клиенттік қабылдағыш алуға 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)" бір жолғы әлеуметтік төлемақы;
      5) 4 тармағының 24) тармақшасындағы "62,0 АЕК" төлемақы мөлшері  - "80 АЕК" болып өзгертілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                В. Левченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады