Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп № 6 сайлау округі бойынша шыққандардың орнына Ақжар ауданы маслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |
Келісілді:
Ақжар ауданы сайлау Ғ. Қарбаев
комиссиясының төрағасы
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 36 қаулысына қосымша |
Ақжар ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындар ТІЗІМІ
№ | Елді мекеннің атауы |
Үгіттік материалдарды |
1 | Горький селосы |
Ақпараттық қалқа, Гвардейская |
2 | Новосел селосы |
Ақпараттық қалқа, Первомай |
3 | Киев селосы |
Ақпараттық қалқа, Комсомол |