Ақжар ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы N 36 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 5 наурызда N 13-4-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 21.02.2018 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп № 6 сайлау округі бойынша шыққандардың орнына Ақжар ауданы маслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тастеміров

      Келісілді:     

      Ақжар ауданы сайлау      Ғ. Қарбаев

      комиссиясының төрағасы

  Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
18 ақпандағы № 36 қаулысына
қосымша

Ақжар ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындар ТІЗІМІ

Елді мекеннің атауы

Үгіттік материалдарды
орналастыру орындары

1

Горький селосы

Ақпараттық қалқа, Гвардейская
көшесі 8, Горький орта
мектебінің ғимараты

2

Новосел селосы

Ақпараттық қалқа, Первомай
көшесі 1, Новосел негізгі
мектебінің ғимараты

3

Киев селосы

Ақпараттық қалқа, Комсомол
көшесі 15, Киев орта мектебінің
ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады