Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 4585 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциалық занының 28-бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімі аппаратының басшысы С.Ж.Бейсембаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Тұралинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақжар аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы М.Шапенов
      "21" 02 2018 жыл

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 қаулысына 1-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы аумағында ауылдық округтердің әкімі қызметіне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін арналған орын

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.05.2023 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді мекен атауы

Орналастыру орындары

1

Талшық ауылы

Әлия Молдағұлова көшесі 1, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ақжар ауданы әкімдігінің "Ақжар мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимаратының жанында

2

Айсары ауылы

Абай көшесі 3, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айсары негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

3

Алқатерек ауылы

Сарыарқа көшесі 1, "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округінің мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету орталығы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

4

Ақжарқын ауылы

Первомайская көшесі 1А, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжарқын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

5

Восход ауылы

Қонаев көшесі 8, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Восход негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

6

Кеңащы ауылы

Алтынсарин көшесі 1, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Кеңащы негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

7

Бостандық ауылы

Дружба көшесі 2, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бостандық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

8

Құлыкөл ауылы

Школьная көшесі 1, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қали Хадесов атындағы Жаңаауыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

9

Ленинград ауылы

Зеленая көшесі 46, "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округінің мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету орталығы" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

10

Май ауылы

Абай көшесі 5, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Май орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

11

Горьковское ауылы

Гвардейская көшесі 8, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Горький орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

12

Ұялы ауылы

30 лет победы көшесі 3, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Сымағұл Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 13 қаулысына 2- қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар ауданы әкімдігінің
  2018 жылғы 21 ақпандағы № 13
  қаулысына 3-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 11.05.2022 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Ақжар ауданы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің үгіттік материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-96 болып тіркелген).

      2. "Мәслихаттардың депутаттығына, шығып қалғандардың орнына, барлық кандидаттар үшін үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау мен сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайларды беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 270 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2368 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгітіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын анықтау және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4212 болып тіркелген).

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5393 болып тіркелген).

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады