Жер салығы ставкалары туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 24-6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 тамызда N 13-4-105 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 18.06.2018 № 28-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" Кодексінің 386 бабы 5 - тармағына, 387 бабы 1 - тармағына және 444 бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 26.07.2016 № 5-3 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:

      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;

      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;

      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының 06.04.2015 N 34-13 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 5-2 "Жер салығының ставкаларын көтеру туралы" (2004 жылдың 20 наурыздағы № 12 "Дала Дидары" газетінде жарияланған, 2004 жылдың 5 наурызында № 1183 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізімінде мемлекеттік тіркеуден өткен) шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім бұқара ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап он календарлық күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
К.Нұрымбеков
      Аудандық
мәслихат хатшысының м.а.
Е.Жақыпов
      КЕЛІСІЛДІ:
Ақжар ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы
М.Тоқышев

О ставках земельного налога

Решение маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 24 июня 2010 года N 24-6. Зарегистрировано Управлением юстиции Акжарского района Северо-Казахстанской области 6 августа 2010 года N 13-4-105. Утратило силу решением Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 18 июня 2018 года № 28-4

      Сноска. Утратило силу решением Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 18.06.2018 № 28-4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктом 1 статьи 387 и пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Акжарский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 26.07.2016 N 5-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Повысить на 50 процентов базовые ставки земельного налога, установленные статьями 379, 381, 383 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции и занятых под казино соответственно:

      1) базовые налоговые ставки на земли сельскохозяйственного назначения, предоставленные физическим лицам;

      2) базовые налоговые ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых земельных участков);

      3) базовые налоговые ставки на земли промышленности, расположенные вне населенных пунктов.

      Повысить в десять раз базовые ставки земельного налога и единого земельного налога, установленные статьями 378, 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) соответственно:

      1) базовые налоговые ставки на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения;

      2) ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения маслихата Акжарского района Северо-Казахстанской области от 06.04.2015 N 34-13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение районного маслихата от 29 января 2004 года № 5-2 "Об увеличении ставок земельного налога" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1183 от 5 марта 2004 года, опубликованное 20 марта 2005 года № 12 в газете "Дала дидары").

      3. Данное решение вводится в действие по истечении десяти дней со дня официального опубликования в средствах массовой информации.

      Председатель сессии
районного маслихата
К.Нурумбеков
      И.о. секретаря
районного маслихата
Е.Жакупов
      Согласовано:
Начальник
налогового управления
по Акжарскому району
М.Токушев