Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 маусымда № 4785 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.01.2022 № 14-2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      1.Автотұрақтар (паркингтер), автожанармай құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан, сондай-ақ тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін қоспағанда, салық кодексінің 505, 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 05.04.2021 № 4-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 28.01.2022 № 14-2 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мəслихатының 28.05.2020 № 57-2 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
А.Хоршат
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А.Хоршат

  Солтүстік Қазақстан облысы Акжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы "18" маусымдағы № 28-4 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының күшін жойылған кейбір шешімдердің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 "Жер салығы ставкалары туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-4-105 тіркелген, 2010 жылғы 14 тамызда "Дала дидары" және "Ақжар-хабар" газеттерінде жарияланған);

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 34-13 шешімі "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының "Жер салығының ставкалары туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3245 тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 маусымдағы № 5-3 шешімі "Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының "Жер салығы ставкалары туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3883 тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады