Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 18.06.2018 № 28-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 "Жер салығы ставкалары туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамызда № 13-4-105 тіркелген және "Дала дидары" газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 және "Ақжар-хабар" газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" Кодексінің 386 бабы 5 - тармағына, 387 бабы 1 - тармағына және 444 бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.