Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 "Жер салығының ставкалары туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі N 34-13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 мамырда N 3245 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 28-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 18.06.2018 № 28-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 - бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 - бабы 3 - тармағының 107) - тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 "Жер салығының ставкалары туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамызда № 13-4-105 тіркелген және "Дала дидары" газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 және "Ақжар-хабар" газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" Кодексінің 387 - бабы 1, 1-1 - тармағына және 444 - бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      1 - тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:

      1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;

      2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;

      3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:

      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Н.Ковригина
      Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық мәслихаттың
хатшысы
М.Жұмабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістері
Комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Акжар ауданы бойынша
мемлекеттік кірістері
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 6 сәуірдегі
Ж.Батыргужинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады