Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 31.03.2014 N 169 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таратылады).
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Аудандық мәслихат шешімінің күші жойылды деп танылсын:
"Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" (мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда тіркелген № 13-11-131, "Тайынша Таңы" 2009 жылғы 5 қыркүйектегі № 37, "Тайыншинские вести" 2008 жылғы 12 қыркүйек № 38) аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 10 шілдедегі № 60 шешім;
"Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйден басқа), коммуналдық қызметтерін пайдаланғаны, және телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшін төлеуге отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 10 шілдедегі № 60 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 2 желтоқсандағы тіркелген № 13-11-160, "Тайынша Таңы" 2009 жылғы 25 желтоқсан № 52, "Тайыншинские вести" 2009 жылғы 25 желтоқсан № 52) аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 қазандағы № 157 шешім.
3. Осы шешім 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тиісті.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ю. Машталяр |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Ысқақов |
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешімімен бекітілген |
Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 05.11.2012 N 57; тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 79 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы Ереже
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге ұсынылады;
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 04.11.2015 N 327 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 25.12.2013 N 157 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады).
3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - Тайынша ауданының тұрғындары үшін телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 10 % көлемінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 25.12.2013 N 157 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады).
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне Есіл ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті орган "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып айқындалды.
5. Жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үйі (пәтерi, үйі) бар отбасылар, немесе тұрғын үйдi немесе автокөлік нысандарын жалға берушiлер тұрғын үй көмегiн алуға құқығын жоғалтады.
6. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағы бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метрден аспайтын мөлшерде қабылданады.
Барлық санаттағы мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсiби даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 31.03.2014 N 169 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таратылады).
8. Құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшiрмелердi құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткiзгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.
9. Ұсынылған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тартқандығы туралы хабарлау қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (№ 7412 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.4. Қаржыландыру және төлеу
11. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру ауданның бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.12. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.