"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы N 327 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қарашада N 3481 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 сәуірдегі "Тайынша таңы" аудандық газетінде, 2010 жылғы 16 сәуірдегі "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге ұсынылады;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.".
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
XLІI-ші сессисының төрағасы
А. Рафальский
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады