"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 169 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2014 жылғы 28 сәуірде N 2685 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 28.10.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 08 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, "Тайынша Таңы" 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде, "Тайыншинские вести" 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғары көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
      көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының
XXIV-ші сессиясының төрағасы
Н. Өтегенов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
мәслихатының хатшысы
Қ. Шәріпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады