Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің 22.06.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Миронов ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау берілсін:
1) Виноградовка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Солнечная;
екінші көшеге – Центральная;
2) Мироновка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Школьная;
екінші көшеге – Молодежная;
үшінші көшеге – Речная;
төртінші көшеге – Абай;
3) Надеждинка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Абай;
екінші көшеге – Жамбыл Жабаев.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімінің м.а. | Э. Жұмабаева |