"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тайынша ауданы Миронов селолық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №13-11-180 тіркелді, 2010 жылғы 9 шілдеде "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 9 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мироновка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Н. Жұмабаев |