Тайынша ауданы Миронов ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Миронов селолық округі әкімінің 2010 жылғы 3 маусымдағы N 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 маусымда N 13-11-180 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы" сөздері "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің 22.06.2018 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тайынша ауданы Миронов ауылдық округі елді мекендерінің құрамдық бөліктеріне атау берілсін:

      1) Виноградовка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Солнечная;

      екінші көшеге – Центральная;

      2) Мироновка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Школьная;

      екінші көшеге – Молодежная;

      үшінші көшеге – Речная;

      төртінші көшеге – Абай;

      3) Надеждинка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Абай;

      екінші көшеге – Жамбыл Жабаев.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімінің м.а. Э. Жұмабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады