Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі Новоберезовка ауылының құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін:
бірінші көше – Полевая;
екінші көше – Центральная;
үшінші көше – Садовая;
төртінші көше – Школьная;
бесінші көше – Целинная;
алтыншы көше – Қарғалы.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | В. Головин |