Тайынша ауданы Чкалов селолық округі Новоберезовка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов селолық округі әкімінің 2010 жылғы 25 маусымдағы N 13 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 шілдеде N 13-11-181 тіркелді.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес және халық пікірін ескере отырып ауылдық округтің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі Новоберезовка ауылының құрамдық бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін:

      бірінші көше – Полевая;

      екінші көше – Центральная;

      үшінші көше – Садовая;

      төртінші көше – Школьная;

      бесінші көше – Целинная;

      алтыншы көше – Қарғалы.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округтің әкімі В. Головин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады