"Тайынша ауданы Чкалов селолық округі Новоберезовка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №13 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 4812 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тайынша ауданы Чкалов селолық округі Новоберезовка селосының құрамдық бөліктеріне атау беру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13-11-181 тіркелді, 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайынша Таңы" газетінде және 2010 жылғы 16 шілдеде "Тайыншинские вести" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тіліндегі тақырыбында және мәтіні бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбы және мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      С. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады