Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 29.03.2013 N 19-10с шешімімен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына монша мен шаштаразға барулары үшін ай сайын 400 теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Жазбаша өтініші бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және кепілдіктер мен жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға тіс протездеуге лицензиясы бар, медициналық ұйымдарымен жүзеге асырылатын, (қымбат металлдардан, металлопластикалық, металлокерамикалық, металлоакрилдік протездерден басқа) тісті протездеу құнының мөлшерінде тісті протездеуге әлеуметтік көмек көрсетілсін;
3. Жазбаша өтініші бойынша мұқтаж азаматтардың төмендегі топтарына санаторлық–курорттық емдеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына, жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға;
2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе ерте «Батыр-ана» атағын алған және де I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
3) Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтері үшін зейнет ақы белгіленген тұлғаларға, Совет Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі «Даңқ» және «Еңбек даңқы» ордендерінің иегерлеріне;
4) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясы апатының зардабын жоюға қатысқан тұлғалардың есебіндегілерге, Қазақстан Республикасының көшіру зоналарынан (өз бетімен шыққандар) эвакуациялау, эвакуация кезінде ана құрсағында болғандарға;
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.06.16 N 6-22с; 2010.11.05 N 4-24с Шешімімен
5) барлық топтағы мүгедектер;
Ескерту. 3-тармақ 5) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.06.16 N 6-22с Шешімімен
6) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерлігі үшін медальдарымен марапатталған тыл еңбек иелеріне.
Ескерту. 3-тармақ 6) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.06.16 N 6-22с Шешімімен
7) Уәлиханов ауданының Құрметті азаматтарына;
Ескерту. 3-тармақ 7) тармақшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.11.05 N 4-24с Шешімімен
4. Өрт және су тасқынынан зардап шеккен, Уәлиханов ауданы аумағында тұратын, мұқтаж азаматтарға 200 мың теңге соммасынан артық емес біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
5. Қыс мерзімінде отын сатып алу үшін жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандар және оларға теңестірілген тұлғаларға 10 мың теңге сомасынан артық емес, отынды алу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін.
6. Созылмалы туберкулезбен ауыратын азаматтарға жол жүруіне және амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін, аудан аумағында тұрақты тұратын, аудандық туберкулез диспансерінің ай сайын ұсынатын тізіміне сәйкес, қосымша тамаққа 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және емдеу мекемесіне жол жүруіне, елді мекеннен аудан орталығына және қайтып келуге қажет бензиннің есебіне сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.11.05 N 4-24с Шешімімен
7. Уалиханов ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан жетім балаларға Солтүстік Қазақстан облысының жоғары немесе кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттері (күндізгі оқу нысаны бойынша) иегерлері бола алмаған жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысының жоғары немесе кәсіптік орындарында оқуын төлеуге бағытталған туралы келісімі бойынша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
8. Уәкілетті орган «Уәлиханов ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не жоғарыда көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек тағайындап, төленуін қамтамасыз етсін және бөлінген қаражаттардың нысаналы пайдаланылуына бақылау жүргізуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2010.11.05 N 4-24с Шешімімен
9. Әлеуметтік көмек көрсету үшін шығыстарды «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» 451 007 000 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген Уәлиханов ауданының бюджеті есебінен жүргізілсін.
10. Осы шешімнің күші 2010 жылғы 1 қаңтарынан бастап шыққан құқықтық қатынастарға таратылады.
11. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Е. Сұмағұлов Ә. Бейсенбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы Қ. Утекина
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы Ж. Ғабдуллин