Ескерту. Шешiмнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "ауылдық", "ауылы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің м.а. 25.12.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Новопокров ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін:
1) Новопокровка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Абылайхан;
екінші көшеге – Ысқақ Ыбыраев атындағы;
үшінші көшеге – Пролетарская;
төртінші көшеге – Целинная;
бірінші тұйық көшеге – Солнечный;
екінші тұйық көшеге – Аққайың;
үшінші тұйық көшеге – Бейбітшілік;
төртінші тұйық көшеге – Терең көл;
бесінші тұйық көшеге – Жастар;
алтыншы тұйық көшеге – Достық;
жетінші тұйық көшеге – Школьный;
сегізінші тұйық көшеге – Алексей Колязов атындағы;
тоғызыншы тұйық көшеге – Николай Петров атындағы;
оныншы тұйық көшеге – Еңбекші;
он бірінші тұйық көшеге – Конституция;
он екінші тұйық көшеге – Береговой;
он үшінші тұйық көшеге – Ақ бидай;
он төртінші тұйық көшеге – 8-март.
2) Жаңасу ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Каттай Кеншінбаев атындағы;
екінші көшеге – Отан;
үшінші көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы;
Мектеп тұйық көшесі.
3) Ақсу ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы;
екінші көшеге – Мағжан Жұмабаев атындағы;
үшінші көшеге – Жеңіс;
төртінші көшеге – Еңбекші;
бесінші көшеге - Аққайың.
4) Еңбек ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Болашақ;
екінші көшеге – Ыбырай Алтынсарин атындағы;
үшінші көшеге – Бейбітшілік.
5) Белоглинка ауылы бойынша:
бірінші көшеге – Степная;
екінші көшеге – Новая;
үшінші көшеге – Береговая.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | В. Шпет |