Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 11 "Шал ақын ауданы Новопокров селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 3 шешімі. Солтүстіқ Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 6859 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Новопокров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Казақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров селолық округі әкімінің "Шал ақың ауданы Новопокров селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" 2010 жылғы 8 қазандағы № 11 шешіміне (2010 жылдың 5 қарашасында "Парыз", "Новатор" аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-14-116 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешiмнің қазақ тілдегі деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің орыс тіліндегі деректемелері мен мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімнің атқарушы С. Ертурина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады