Шал ақын ауданы Новопокров селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы N 11 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қазанда N 13-14-116 тіркелді.

      Ескерту. Шешiмнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "ауылдық", "ауылы" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің м.а. 25.12.2020 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 35-бабы 2-тармағына, 37-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Новопокров ауылдық округі азаматтарының қоғамдық кеңесінің шешімін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

      1. Шал ақын ауданы Новопокров ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне қосымшаға сәйкес атау берілсін:

      1) Новопокровка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Абылайхан;

      екінші көшеге – Ысқақ Ыбыраев атындағы;

      үшінші көшеге – Пролетарская;

      төртінші көшеге – Целинная;

      бірінші тұйық көшеге – Солнечный;

      екінші тұйық көшеге – Аққайың;

      үшінші тұйық көшеге – Бейбітшілік;

      төртінші тұйық көшеге – Терең көл;

      бесінші тұйық көшеге – Жастар;

      алтыншы тұйық көшеге – Достық;

      жетінші тұйық көшеге – Школьный;

      сегізінші тұйық көшеге – Алексей Колязов атындағы;

      тоғызыншы тұйық көшеге – Николай Петров атындағы;

      оныншы тұйық көшеге – Еңбекші;

      он бірінші тұйық көшеге – Конституция;

      он екінші тұйық көшеге – Береговой;

      он үшінші тұйық көшеге – Ақ бидай;

      он төртінші тұйық көшеге – 8-март.

      2) Жаңасу ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Каттай Кеншінбаев атындағы;

      екінші көшеге – Отан;

      үшінші көшеге – Шоқан Уәлиханов атындағы;

      Мектеп тұйық көшесі.

      3) Ақсу ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Абай Құнанбаев атындағы;

      екінші көшеге – Мағжан Жұмабаев атындағы;

      үшінші көшеге – Жеңіс;

      төртінші көшеге – Еңбекші;

      бесінші көшеге - Аққайың.

      4) Еңбек ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Болашақ;

      екінші көшеге – Ыбырай Алтынсарин атындағы;

      үшінші көшеге – Бейбітшілік.

      5) Белоглинка ауылы бойынша:

      бірінші көшеге – Степная;

      екінші көшеге – Новая;

      үшінші көшеге – Береговая.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі В. Шпет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады