Ескерту. Ереженің мемлекеттік тілдегі мәтінінде: "Қалалар, кенттік және поселкелік округ", "қала, кенттік және поселкелік округ", "қала, кенттік және поселке округі", "қала, кенттік және поселкелік округ", "қаланы, кенттік және поселкелік округті", "қала, кенттік және поселкелік округтерде", "қала, кенттік және поселке", "қала, кенттік және поселкелік округте", "қала, кент және поселке" деген сөздер сәйкесінше: "қалалар, ауылдық және кенттік округ", "қала, ауылдық және кенттік округ", "қала, ауылдық және кенттік округі", "қала, ауылдық және кенттік округ", "қаланы, ауылдық және кенттік округті", "қала, ауылдық және кенттік округтерде", "қала, ауылдық және кент", "қала, ауылдық және кенттік округте", "қала, ауылдық және кенттік округтер" деген сөздермен ауыстырылды; бүкіл мәтіні бойынша "Ережесін", "Ережесі", "Ережелер" деген сөздер тиісінше "Қағидасын", "Қағидасы", "Қағидалар" деген сөздермен ауыстырылды - Атырау облыстық мәслихатының 10.04.2014 № 247-V; 10.06.2015 № 379-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 10.06.2015 № 379-V шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІV сессиясында ШЕШТІ:
1. Қоса ұсынылған Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау Қағидасы (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 337-ІІІ "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау Қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2480 рет санымен тіркелген, 2007 жылы 1 ақпанда "Атырау" газетінде № 13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Облыстық мәслихаттың ХХІV сессиясының төрағасы |
А. Баракатов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Ж. Дүйсенғалиев |
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 1 қосымша |
Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді.Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 10.06.2015 № 379-V шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қағида Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және меншік нысандарына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін міндетті.
1. Жалпы Қағидалар
1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:1) жасыл желекті екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және елді мекеннің біртұтас жасыл желекті қорын құрайтын табиғи және жасанды жолмен өсірілген ағаш, бұта және шөп өсімдіктері;
2) жасыл желекті құрылыс – елді мекендерде және басқа объектілерде жасыл желекті екпелер алқаптарын сақтау және ұлғайту. Көлемі едәуір үлкен учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырманың негізінде және оның негізінде жасалған дендрологиялық және техникалық жоба бойынша жүргізіледі.
3) жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер – қалалар, ауылдық және кенттік округ халқын рекреациялауға арналған жасыл желекті екпелер аумағы;
4) шектеулі түрде пайдаланылатын жасыл желекті екпелер – тұрғын үйлердің, емдеу, балалар, оқу және ғылыми мекемелердің, өнеркәсіп орындарының, спорт кешендерінің көгалдандырылған аумағы;
5) арнайы мақсаттағы жасыл желекті екпелер-санитарлық-қорғаныштық, су қорғау, қорғаныштық-мелиоративтік, өртке қарсы аймақтардың, зираттардың көгалдандырылған аумағы, жеміс бақтары, питомниктер, гүлзар-жылыжай шаруашылықтары;
6) дендрологиялық жоспар – көгалдар мен гүлзарлардың, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының, шағын сәулет нысандарының ашық учаскелерімен ұштастыра отырып, өсіп тұрған және жобаланып жатқан ағаш және бұта өсімдіктерінің орналасуы мен түр-түрі көрсетілген 1:500 және одан да ірі масштабтағы сызба;
7) өтемдік көгалдандыру – жойылған немесе бүлінген жасыл желекті екпелердің орнына оларды молықтыру;
8) жасыл желекті екпелердің өтемақылық құны – жасыл желекті екпелерді күтіп ұстауға, сондай-ақ жасыл желекті екпелердің құндылығына, орналасқан жеріне және сапалық жай-күйіне байланысты айқындалатын экологиялық нұқсанды өтеуге жұмсалған шығындарды қоса алғанда, бүлінген немесе жойылған жағдайда жасыл желекті екпелердің құндылығын есепке алу үшін белгіленетін олардың құндық бағасы;
9) көгалдандырылған аумақтар – табиғи және жасанды жолмен өсірілген екпелер: бақ-парк кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар мен гүлзарлар орналасатын тұрғын үй қоғамдық, іскерлік, коммунальдық, өндірістік мақсаттағы жер учаскелері;
10) жасыл желекті екпелерді қорғау – жасыл желекті екпелерді сақтауға және молықтыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
11) қорғау куәлігі – есепке алынған объектінің паспорты негізінде жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган көгалдандырылған аумақтарды күтіп ұстау және қорғау жөніндегі міндеттер жүктелетін олардың меншік иелеріне (жалгерлеріне) беретін құжат;
12) жасыл желекті екпелердің бүлінуі – діңіне, бұтақтарына, ағаш-бұта өсімдіктерінің ұшарбасына, олардың тамыр жүйесіне нұқсан келтіру, шөп өсімдіктерінің өсуін тоқтатпаса да, олардың жердегі бөлігі мен тамыр жүйесін бүлдіру. Бұтақтарының, тамыр жүйесінің механикалық жолмен бүлінуі, қабығының тұтастығының бұзылуы, топырақ үстіндегі жанды қабатының біртұтастығының зақымдануы, жасыл желекті екпелердің немесе тамыр аймағындағы топырақтың зиянды заттармен ластануы, өртеу және өзге де нұқсан келтіру бүліну болып табылады;
13) есепке алу тізімдеме – жасыл желекті екпелердің жай-күйінің жалпы сипаттамасын беретін ағаштар мен бұталардың саны туралы тізімдеме;
14) жасыл желекті екпелердің тізілімі – елді мекен аумағындағы жасыл желекті екпелердің тұрпаты, түр құрамы, мөлшері туралы деректер жиынтығы;
15) жасыл желекті екпелерді жою – ағаштар, бұталар, гүлзарлар және көгалдар жойылып кететіндей дәрежеде жасыл желекті екпелерді бүлдіру;
16) есепке алынатын объект – белгіленген шекарасы бар және жауапты меншік иелеріне – мекемелерге, ұйымдарға, кәсіпорындарға не жеке тұлғаларға меншікке немесе жалға берілген жер учаскесі;
17) уәкілетті орган – жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін қала, ауылдық және кенттік округ әкімдіктерінің шешімдерімен бекітілетін жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау жөніндегі орган.
2. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізгі прициптері
2. Қала, ауылдық және кенттік округі аумағында орналасқан барлық жасыл желекті екпелер елді мекеннің біртұтас жасыл желек қорын құрайды және қорғалуға жатады.3. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желекті екпелерді сақтау жөнінде шаралар қолдануға, жасыл желекті екпелердің бүлінуіне немесе жойылуына әкеп соғуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жол бермеу үшін ұсыным жасау.
4. Жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері, жалгерлері олардың жай-күйіне бақылау жасап отыруға, жасыл желекті екпелердің қанағаттанарлық жай-күйі мен қалыпты өсіп-өнуі үшін, оларға ұсыным жасауға. Арнайы аготехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелер отырғызу және оларға күтім жасау жөніндегі жұмыстарды осы қызмет түрімен айналысу құқығына рұқсат беретін мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
5. Жеке және заңды тұлғалардың жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Қағидада белгілеген жасыл желекті екпелерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.
6. Белгіленген тәртіпте келісілген елді мекенді дамыту бас жоспарында қарастырылған учаскелерді қоспағанда, қала, ауылдық және кенттік округ аумағының шегінде орналасқан жасыл желекті алқаптар (саябақтар, скверлер, тоғайлар, ағаш отырғызылған жерлер) құрылыс жүргізуге жатпайды.
7. алынып тасталды - Атырау облыстық мәслихатының 10.06.2015 № 379-V шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Жасыл желекті құрылыс жұмысын жүргізу кезінде жоба авторларына орындалып жатқан жұмыстардың сапасын және олардың бекітілген дендрологиялық жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуін қадағалап отыруға ұсыным жасауға.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 10.06.2015 № 379-V шешімімен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Уәкілетті органның өкілеттіктері
9. Уәкілетті органның құзіретіне:1) жасыл желекті екпелер тізілімін жүргізу;
2) жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
3) жасыл желекті екпелер орналасқан жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы шешімдер қабылдау;
4) жасыл желекті екпелерді қазып әкетуге және қайта отырғызуға рұқсаттар беру;
5) жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянның құнын бекітілген мөлшер бойынша бағалау;
6) жасыл желекті екпелерге келтірілген зиянды өтеу үшін төлемдер жасалуын бақылау.
4. Жасыл желекті екпелерді есепке алу, қорғау және күтіп ұстау
10. Қала, ауылдық және кенттік округтерде жасыл желекті екпелердің санын, түр құрамын және жай-күйін анықтау мақсатында оларды есепке алу есеп объектісінің шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелерді түгендеу арқылы жүзеге асырылады.11. Жасыл желекті екпелерді түгендеу және оларды тексерудің өзге түрлері белгіленген тәртіппен әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен бекітілген есеп объектісі шекарасында орналасқан жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
12. Жасыл желекті екпелерді есепке алу:
1) қала, ауылдық және кент аумағындағы жасыл желекті екпелердің сандық және сапалық сипаттамалары туралы шынайы деректер алу;
2) жауапты меншік иелерінің көгалдандырылған аумақтарда жүзеге асыратын қызметінің аумақтардың белгіленген функциональдық мақсатына сәйкестігін айқындау;
3) Қала, ауылдық және кенттік округте көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін ақпараттық база құру мақсаттарында жүргізіледі.
13. Жасыл желекті екпелердің барлық түрі: ағаштар, бұталар, көгалдар, гүлзарлар есепке алынуға жатады.
14. Бекітілген нысан бойынша (2 қосымша) толтырылатын есеп объектісінің паспорты жасыл желекті екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжат болып табылады.
15. Есеп объектісінің паспорты бес жылда 1 рет жоспарлы түрде жаңартылып отыруға тиіс.
16. Жылжымайтын мүліктің жауапты иесі өзіне тиесілі жер учаскесіндегі жасыл желекті екпелерді есепке алуды ұйымдастырады және алынған деректерді есеп объектісінің паспортына енгізуді қамтамасыз етеді.
17. Есеп объектісінің паспортын жауапты меншік иесі бекітеді және уәкілетті органмен, сондай-ақ тексеру жүргізген мамандандырылған ұйыммен келісіледі.
Есеп объектісі паспортының көшірмесі Жасыл желекті екпелер тізіліміне (3 қосымша) деректерді енгізу үшін уәкілетті органға береді.
18. Көгалдандырылған аумақтарда орналасқан Жасыл желекті екпелер тізілімінің деректерін жаңартып отыру 2 жылда 1 рет жүргізіледі.
19. Жасыл желекті екпелер күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру және орындау мыналарға:
1) бақтар, скверлер, бульварлар, жаяу адамдар жүретін аллеялар уәкілетті органға, мамандандырылған коммунальдық кәсіпорындарға, сондай-ақ көгалдандырылған аумақтардың меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
2) мәдениет және демалыс саябақтары, балалар саябақтары, мамандандырылған саябақтар осы мекемелердің әкімшіліктеріне жүктеледі;
3) сауда, қызмет көрсету объектілерінің, банктердің, офистердің, кәсіпорындардың, жеке меншік үйлердің және басқа да жеке иеліктердің бүйірінің (алдыңғы жағының) ажырамас бөлігін құрайтын жалпы жұрт пайдаланатын жасыл желекті екпелер осы жылжымайтын мүліктің меншік иелері мен жалгерлеріне жүктеледі;
4) ұйымдардың аумақтарындағы, сондай-ақ оларға бекітіп берілген учаскелердегі жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстарды ұйымдастыру мен орындауды тікелей осы ұйымдар жүзеге асырады;
5) санитариялық-қорғаныштық аймақтарда жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар санитариялық-қорғаныштық аймақтар шекарасында жүзеге асырады;
6) квартал ішіндегі жасыл желекті екпелер, үй қасындағы аумақтардағы екпелер жер пайдалану шекарасында тұрғын үй қорының меншік иелеріне жүктеледі.
20. Арнайы агротехникалық іс-шаралар өткізуге байланысты жасыл желекті екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды, жасыл желекті екпелерді жөндеу мен қайта жаңартуды уәкілетті орган берген тиісті рұқсаты бар мамандандырылған көгалдандыру ұйымдары жүргізеді.
5. Жасыл желекті екпелерді құлату және қайта отырғызу
21. Жасыл желекті екпелерді құлатуға:1) белгіленген тәртіппен бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
2) инженерлік көркейту объектілеріне, жер үстіндегі коммуникацияларға қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік көркейту объектілерінде жою;
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының қорытындылары бойынша тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар үшін, нормативтерге сәйкес келетін үйлердің жарық деңгейін қалпына келтіру;
5) жасыл желекті екпелердің сапалық және түр құрамын жақсарту қажет болған жағдайларда рұқсат берілуі мүмкін.
22. Жасыл желекті екпелерді құлатуға ағаш кесу билеттері (4, 5 қосымшалар) бойынша ғана, ал жасыл желекті екпелерді құлатуға, қайта отырғызуға рұқсат беретін уәкілетті орган (6 қосымша) бойынша жол беріледі.
Ағаш құлату, қайта отырғызу, ағаш кесу билеттерін және қайта отырғызуға рұқсат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Жер учаскесі (бау-бақша және саяжай учаскелері, жеке тұрғын үй құрылысы) жеке немесе заңды тұлғаға меншікке берілгеннен кейін онда шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе табиғи жолмен пайда болған ағаш және бұта өсімдіктерін құлатуды, қайта отырғызуды, қайта жаңартуды олар рұқсат ресімдемей өздерінің қалауы бойынша жүзеге асырады.
23. Мемориальдық, тарихи немесе бірегей эстетикалық құндылығы бар, тарихи немесе мәдени мұра ескерткіштері мәртебесі берілген ағаштарды, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін құлатуға жол бермеу.
24. Ағаштар мен бұталарды құлатуды белгіленген тәртіппен ресімделген рұқсат беру (оның ішінде ағаш кесу билеті) болған жағдайда тиісті жұмыс түрлеріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйым жүргізеді.
Рұқсат беру құжаттарын алдын ала ресімдеп алмай жасыл желекті екпелерді құлатуға және қайта отырғызуға ұсыным берілмейді.
25. Қала құрылысы қызметін іске асыру кезінде жасыл желекті екпелерді құлату немесе қайта отырғызу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жобалау ұйымы құрылысқа бастапқы рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу кезінде белгіленген тәртіппен жасыл желекті екпелерді құлату қажеттігін көздейтін құрылыс жобасын әзірлейді;
2) жобалау ұйымының хаты мен құрылыс жобасының негізінде уәкілетті орган қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасымен бірлесіп, құрылыс жүргізу көзделіп отырған учаскені тексеруге шығып, тексеру актісін жасайды, онда ағаштар мен бұталардың саны, олардың түр құрамы, жай-күйі, көгалдардың, шөп қабатының, гүлзарлардың бар-жоғы, оның ішінде құлатындары көрсетіледі;
3) тексерілуі актісінің негізінде уәкілетті орган жобалау ұйымына ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ құлатылуға тиіс ағаштар мен бұталардың, гүлзарлар мен көгалдардың мөлшерін барынша ықтимал сақтап қалу мақсатымен осы учаскеде құрылыс орналастырудың ерекше шарттарымен құрылыс жүргізу мүмкін екені туралы қорытынды береді;
4) берілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган тапсырыс берушіге кесілген ағаштар мен бұталардың, әкетілген гүлзарлар мен көгалдардың бекітілген мөлшерде өтемақылық құнын төлеу үшін шот жазып береді;
5) әкімдіктің бағдарламаларына сәйкес көп қабатты және өзге ескі үйлерді құлату кезінде жасыл желекті екпелерді құлатуға ағаш кесу билеттерін бергенде өтемақылық құн инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында және жарық режимі аймағында орналасқан жасыл желекті екпелерді құлату құны ескерілмей есептеледі.
26. Инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желекті екпелерді құлатуды және (немесе) қайта отырғызуды келісіп алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) инженерлік коммуникацияларды күрделі немесе ағымды жөндеуден өткізу кезінде жасыл желекті екпелерді құлату ағаш кесу билетінің негізінде жүргізіледі;
2) инженерлік коммуникациялардың күзет аймақтарында өсіп тұрған жасыл желекті екпелерді кесу кезінде қолданыстағы құрылыс нормалары мен Қағидаларына сәйкес айқындалатын өтемақылық құн алынбайды;
3) жөндеу жұмыстары барысында бүлінген көгалдар мен гүлзарларды қалпына келтіру тапсырыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
4) инженерлік коммуникациялардың күзет аймағынан тысқары жерлерде жұмыс жүргізу аймағында өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды кесу кезінде өтемақылық құн толық қалпына келтіру құны мөлшерінде алынады.
27. Ірі ағаштардың құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, үйлер мен құрылыстардың жай-күйіне, көлік қозғалысына, коммуникациялардың жұмыс істеуіне қатер төндіретін төтенше және авариялық жағдайларда көрсетілген екпелерді құлату алдын ала рұқсат рәсімдемей-ақ жүргізіледі:
1) құлату фактісі аумақ иесі, уәкілетті орган, авариялық және өзге төтенше жағдайды жою жөнінде жұмыс жүргізген ұйым өкілдерінің, тиісті әкімшілік-аумақтық құрылым әкімі өкілінің құрамындағы комиссия белгіленген нысанда ресімделген ағаш кесу орнын куәландыру актісімен расталады;
2) уәкілетті орган ағаш кесу билетін белгіленген тәртіппен ресімделген құлату орнын куәландыру актісі болған жағдайда жұмыстар басталған сәттен бастап 72 сағат ішінде береді.
28. Үйлер мен құрылыстардан 5 метр жақын өскен, үйлерді тым қараңғылап жіберетін ағаштарды құлатуға рұқсатты санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындылары негізінде азаматтардың өтініштері бойынша уәкілетті орган тегін береді.
29. Құрғақ, кеуіп бара жатқан және ауру ағаштар мен бұталардың қайда орналасқанына қарамастан оларды есепке алуды және таңбалауды азаматтар мен заңды тұлғалардың, көгалдандырылған аумақтардың пайдаланушыларының, меншік иелерінің және жалгерлерінің өтініштері бойынша уәкілетті орган жүргізеді.
Егер құрғақ ағаштар мен бұталарды тексеру кезінде ағаштардың өспей қалуы қартаюы мен аурулардан емес, жекелеген азаматтардың немесе лауазымды тұлғалардың кінәсінен болғаны анықталса, осы ағаштарды бағалау жас өсіп тұрған ағаштарды қалпына келтіру құнының ставкалары бойынша жүргізіледі, ал олардың қурап қалуына кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
30. Жасыл желекті екпелерді өсіру және күтіп ұстауға мамандандырылған ұйымдарға тиесілі аумақтарда жасыл желекті екпелерді құлату осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
31. Келісілген жобаға және санақ ведомосына сәйкес құлатуға жататын барлық жасыл желекті екпелерді жұмыс жүргізуші қызыл бояумен, қайта отырғызылуға арналған екпелерді – сары бояумен белгілейді.
32. Кесілген ағаш пен кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңнен бөлу, тиеу және әкету жұмыс басталған сәттен бастап бір тәулік ішінде жүргізіледі.
Кесілген ағаштар мен кесінді қалдықтарын жұмыс жүргізілген жерде сақтауға жол берілмейді. Кесінді қалдықтарын құлату, көлденеңнен бөлу, тасымалдау жөніндегі барлық жұмыс осы жұмыс түріне арналған қауіпсіздік техникасының талаптарына толық сәйкес жүргізіледі.
33. Ағаш кесу аумағына жақын көгал, гүлзар, жасыл желекті екпелер бүлінген жағдайда жұмыс жүргізуші оларды аумақ иесімен және уәкілетті органмен келісілген мерзімде, бірақ зақым келтірілген сәттен бастап жарты жылдан кешіктірмей міндетті түрде қалпына келтіреді.
34. Жасыл желекті екпелерді құлатуға, қайта отырғызуға уәкілетті орган беретін рұқсаттың (6 қосымша) негізінде жүргізіледі.
35. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс берушілер жасыл желекті екпелерді қайта отырғызуға рұқсат алу үшін жұмыс басталғанға дейін ұсынылады:
1) уәкілетті органға құрылыс, қайта және күрделі жөндеу аймағынан ағаштар мен бұталарды сәулет және қала құрылысы органымен келісілген учаскелерге қайта отырғызуға жобалау құжаттамасын тапсыруы;
2) уәкілетті орган конкурстық негізде айқындап, рұқсат беретін мамандандырылған ұйыммен ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуға шарт жасасуы;
3) қайта отырғызылған жасыл желекті екпелерге (жапырақты тұқымдарға – 1 жыл, қылқан жапырақты тұқымдарға – 2 жыл бойы) күтім жасау жұмыстарын уәкілетті органға берілген кепілдеме хаты негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етуі тиіс. Қайта отырғызылған жасыл желекті екпелерді кепілді күтім жасаудан кейін қабылдау жасыл желекті екпелерді тексеру актісі (7 қосымша) негізінде жүзеге асырылады.
6. Құлатылғаннан кейін жасыл желекті екпелерге келтірілген нұқсанның орнын толтыру және оларды қалпына келтіру
36. Лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан көп жылдық жасыл желекті екпелердің жоғалуы (құлауы, жойылуы) ақшалай немесе заттай нысанда толық өтелуге жатады.37. Өтемақылық көгалдандыру мына талаптар ескеріле отырып жүргізіледі:
1) қалпына келтірілетін жасыл желекті екпелердің түр құрамы мен нобайы сәулеттік, экологиялық және эстетикалық сипаттамалары бойынша жақсартылуға жатады;
2) қалпына келтіру әдетте ағаш құлатылған аумақ шегінде жүргізіліп, ағаштар тамыр топырағымен бірге отырғызылады;
38. Өтемақылық көгалдандыру құлату мүддесі үшін жүргізілген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Заңсыз құлату, жою фактілері бойынша өтемақылық көгалдандыру кінәлі адамды анықтау мүмкін болмағанда, жасыл желекті екпелер табиғи жолмен қурап қалғанда бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жасыл желекті екпелер мүддесі үшін құлатылған азаматтар мен заңды тұлғалар ақшалай түрде өтемақылық құнды жергілікті бюджетке аударады.
Мамандандырылған көгалдандыру кәсіпорнымен жасалған шарт бойынша, уәкілетті органмен келісе отырып, жеке және заңды тұлғалар өтемақыны заттай түрінде төлеуі мүмкін.
39. Өтемақылық көгалдандыру:
20 данадан астам ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде-бекітілген дендрологиялық жобаға сәйкес;
20 данадан кем ағаш-бұта өсімдіктері қалпына келтірілген кезде-уәкілетті органмен келісілген сызбаға сәйкес жүзеге асырылады.
40. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде құлатуға жататын жасыл желекті екпелер құрылыс салушының қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Құрылыстың бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс салушылар жүргізетін көгалдандыру өтемақылық көгалдандыру жұмыстары ретінде есепке алынбайды.
7. Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
41. Жеке, лауазымды және заңды тұлғалар осы Қағиданың тармақтарын бұзған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 2 қосымша |
_________________________Түгендеу нөмірі__________
Есеп объектісінің
ПАСПОРТЫ
Объектің атауыТоптастыру коды
(жерді пайдалану мақсатына қарай)
Әкімшілік-аумақтық тиістілігі
________(әкімшілік белгідегі коды)
Жауапты иесі
Қорғау және пайдалану режимі, қала құрылысы қызметін реттеу режимі ____________________________________________________________________
Келісілді: Келісілді:
Жауапты Уәкілетті иесі орган
_________________ _______________________
200_жылғы "___"_____ 200_жылғы "___"_____
Есеп объектісінің паспортына қосымша:
Жағдайлық жоспар (есептік объектінің_______қала, ауылдық және кенттік округте __________________ орналасуы)
Есеп объектісінің түгендеу жоспары (дендрожоспар) М1: 500; М1: 1000
Есеп объектісінің орман екпелерінің жоспары (түгендеу жоспары) М1:2000; М1: 10000
Жасыл желекті екпелердің әрбір ағашын есепке алу ведомосы
Түгендеуді өткізген ұйымдардың тізімі
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 3 қосымша |
_____________________ жасыл желекті екпелерінің ТІЗІЛІМІ
Жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) көлемін жердің санатына, өсімдіктер түрлеріне және функционалдық мақсаттына қарай бөлуқала, ауылдық және кенттік округтер____________________
Әкімшілік аудан: (коды) ___________________
Жауапты иесі:______________________________
Жасыл желекті екпелердің тізілімі
р/с №, түгендеу № объект паспорты | Жердің функционалдық мақсаты, жасыл желекті екпелер объектілерінің (учаскелерінің) мақсаттылық түрлерінің тобы, атауы | Сыныптық коды | Объектілердің (учаскелердің) көлемі га,жасыл желекті екпелердің көлемі га/түп (ағаш., бұта) |
| | | |
А | Б | В | 1 |
Саябақ түріндегі жасыл желекті екпелер | ||||||||
Ағаш өсімдіктері, текше м. га/түп | Бұта өсімдіктері | |||||||
Санаулы ағаштар | Топтар,бөліктер | Алқаптар, тоғайлар, бақтар га | Аллеялар,қатарлар | Барлығы га/түп | Жалғыз бұталар | Жасыл желекті қоршау | Қатарлап отырғызу | Барлығы га/түп |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ашық кеңістіктер | ||||||||
Гүлзарлар, га | Көгалдар, га | |||||||
жылдық | көпжылдықтар | аралас | контейнерлік | барлығы | партерлік | кәдімгі | топырақ бетінің қабаты | барлығы |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
Саябақ түріндегі өсімдіктер барлығы | Орман, табиғи үлгідегі өсімдіктер | ||
Табиғи және аралас түрлі сүрекдің | Дақылдар | Табиғи алаңқайлар, ағаш ала-құла өскен жерлер | |
20 | 21 | 22 | 23 |
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 4 қосымша |
АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ
200_____жылғы "___" ___________№_______(мекен-жай)______________________
Жұмыс түрі: _____________________
Уәкілетті органның _________№ ____ қорытындысының негізінде
Өтемақылық құнын төлеу __________(төлем тапсырымының нөмірі мен күні)
Өтемақылық көгалдандыру мына мекен-жай бойынша: _________________
_________________________________________________________________
Өтемақылық көгалдандыру мерзімі: ________________________________
Жобаға қоса берілген санақ ведомосы мен дендрожоспарға сәйкес:
_______________________________________________ түп ағашты,
_______________________________________________ түп бұтаны кесуге,
_______________________________________________ түп ағашты,
_______________________________________________ түп бұтаны қайта отырғызуға, ____________________________________ түп ағашты,
____________________________________________ түп бұтаны сақтауға рұқсат етіледі.
Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт:
Жұмыстар _______________________________________________________
(уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
___________________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.
Жасыл желекті екпелерді құлату жұмыстары басталатын күн _________________________________________________________________
(уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (_____тел.) хабарлансын.
Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі ________________________
Уәкілетті орган басшысының орынбасары ___________________________
ӨТЖ бастығы __________________
(қолы, күні)
М.о.
Ағаш кесу билетін алдым _________________________________________
(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)
Ағаш кесу билеті ________________________жабылды.
(қолы, күні)
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 5 қосымша |
АҒАШ КЕСУ БИЛЕТІ
200_____жылғы "___" ___________№_______(жасыл желекті екпелерді санитарлық және қайта жаңарту мақсатында кесу) (мекен-жайы, әкімшілік қала, ауылдық және кенттік округтер округі, жұмыс учаскесінің мекен-жайы )
Жұмыстардың түрі: ________________________________________________
Мынадай тапсырылған құжаттардың негізінде: ________________________
құжаттардың негізінде
Қоса берілген санақ ведомосына, жобаға және сызбаға сәйкес:
____________________________________________ түп ағашты,
____________________________________________ түп бұтаны кесуге,
____________________________________________ түп ағашты,
_______________________________________түп бұтаны қалпына келтіруге рұқсат етіледі.
Кесу түрі______________________________________ түп ағаш, ______________________________________________ түп бұта
Мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт:
Жұмыстар _________________________________________________
(уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі) _____________________________________өкілінің қатысуымен жүргізілсін.
Жасыл желекті екпелерді құлату жұмыстары басталатын күн _______________________________________________________
(уәкілетті органның, аумақтық ҚОҚ басқармасының бөлімшесі)
тағайындалған мерзімнен бұрын 5 күннен кешіктірмей (_____тел.) хабарлансын.
Ағаш кесу билетінің қолданылатын мерзімі ____________________________
Уәкілетті орган басшысының орынбасары _______________________________
ӨТЖ бастығы _________________________________________________________
(қолы, күні) М.о.
Ағаш кесу билетін алдым _____________________________________________
(лауазымы, ұйым, қолы, Т.А.Ж., телефоны)
Ағаш кесу билеті _____________________________жабылды.
(қолы, күні)
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 6 қосымша |
Жасыл желекті екпелерді құлатуға, қайта отырғызуға№_______РҰҚСАТ
200__ жылы "___" _________ дейін қолданылады.1. Кәсіпорынның атауы (СТН) (тапсырыс беруші) ______________________________________________________________
2. Кәсіпорынның басшысы (Т.А.Ж.) (тапсырыс беруші) ______________________________________________________________
3. Сұрау салынып отырған учаскенің мақсаты _____________________________________________________________________
4. Орналасқан жері __________________________________________________
5. Іс-шараларды өткізудің негізі ____________________________________
6. Жер учаскесінің меншік нысаны (№, күні) __________________________
7. Уәкілетті органның жасыл желекті екпелерді тексеру актісі (1-қосымша)
8. Ағаш-бұта екпелерінің нақты (сапалық, сандық,) жай-күйі (2-қосымша)
9. Жасыл желек қорын өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат) (3-қосымша).
ҚОРЫТЫНДЫ
Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желекті екпелерді тексеру актісіне сәйкес жасыл желекті екпелердің жай-күйін ескере отырып, жоғарыда аталған ағаштарды құлатуға келісімін береді, бұл орайда бірінші басшыға мынадай талаптарды орындау жүктеледі:Сәндік-бағалы жасыл желекті екпелерді жер асты мен әуедегі коммуникацияларды қорғау нормалары мен Қағидаларын сақтай отырып отырғызу арқылы жасыл желекті екпелерді өтемақылық мақсатта қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар өткізу қажет.
Жасыл желекті екпелерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шаралардың толық кешені өткізілсін.
Қосымша: __________
Ескерту: __________
Уәкілетті органның басшысы__________________ ______________
(қолы) (Т.А.Ж.) М.о.
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV шешіміне 7 қосымша |
Жасыл желекті екпелерді тексеру актісі
200__жылғы "___" ________ №___________________________________________________________________________ (мекен-жай: учаскенің мекен-жайы)
Біз, төменде қол қоюшылар,____________________________________
(уәкілетті органның лауазымды тұлғасы, лауазымы, Т.А.Ж., ____________________________________________________________________
тапсырыс берушінің өкілі, ұйымы, лауазымы, Т.А.Ж.)
____________________________________________________________________
(құлатуға, қайта жаңартуға, қайта отырғызуға, санитарлық мақсатта кесуге)_____________________________________________________________
_____________жатқызылған жасыл желекті екпелерге тексеру жүргіздік.
Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:
№ | Жасыл желекті екпелердің тұқымдық құрамы | Құлату | Қайта отырғызу | Сақталады | Сапалық (нақты) жай-күйі | |||||
саны | дм | саны | дм | саны | дм | жақсы | қанағаттанарлық | қанағаттанарлықсыз | ||
1 | | | | | | | | | | |
2 | | | | | | | | | | |
3 | | | | | | | | | | |
4 | | | | | | | | | | |
5 | | | | | | | | | | |
6 | | | | | | | | | | |
7 | | | | | | | | | | |
8 | | | | | | | | | | |
9 | | | | | | | | | | |
10 | | | | | | | | | | |
Ескерту: Тексеру актісі жасыл желекті екпелерді құлатуға немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды.
Тапсырыс берушінің өкілі алды ____________________________
(қолы, Т.А.Ж.)
Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ______________________________________
(қолы, Т.А.Ж..)