Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 76-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда № 3734 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, VI шақырылған облыстық мәслихат кезекті VIII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-IV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2574 тіркелген, 2010 жылы 20 қарашада "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Атырау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 қазандағы № 63-V "Атырау облысында су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2645 тіркелген, 2012 жылы 13 қарашада "Атырау" газетінде жарияланған) шешімі;
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Абдолов
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады