Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 1 қазандағы № 360-ІV "Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2574 рет санымен тіркелген, 2010 жылы 20 қарашада "Атырау" газетінде жарияланған) бұдан әрі келесі өзгерістер енгізілсін:1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 386 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес ІV шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
2) көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау облысының елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесі бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:"Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді".
3) Шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "Ережесін", "Ережесі", "Ережелер" деген сөздер тиісінше "Қағидасын", "Қағидасы", "Қағидалар" деген сөздермен ауыстырылсын;4) Шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша:
25 тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, орыс тіліндегі "охраны", "охрана", "охране" деген сөздер тиісінше "защиты", "защита", "защите" деген сөздермен ауыстырылсын;
12–тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, "құру", "құруға", "құрудың" деген сөздер алынып тасталсын;
5) шешімнің 7–тармағы алынып тасталсын;6) шешімнің 8–тармағының бірінші сөйлемі алынып тасталсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.
Сессия төрағасы | М. Қалиев |
Мәслихат атшысы | С. Лұқпанов |