Әлеуметтік көмек туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 наурыздағы N 106 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 наурызда N 14-12-92 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы N 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2011.01.10 N 3 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарына және Созақ аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 152 шешіміне сәйкес аудан көлеміндегі жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Созақ ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн (қоса тiгіледі).
      2. Созақ ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету "Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі арқылы (С.Еденбаева) жүргізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Мейірбековке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                С.Әбдіқұлов

Созақ ауданы әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 15 наурыздағы
№ 106 қаулысымен бекітілген
қосымша

      Созақ ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi

Жекелеген мұқтаж азаматтар санаты

Әлеуметтiк көмектiң түрлері мен мөлшерi

Мерзімі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектеріне және жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға аудандық бюджеттен төленетін бір жолғы материалдық көмектер


1.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне біржолғы қаржылай көмек

30 000 (отыз мың) теңгеден

2010 жылдың
сәуір-мамыр айлары

2.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай соғыста қаза болған жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың
сәуір-мамыр айлары


3.

Ауған соғысы мен Чернобыль апаттың, зардаптарын жоюға қатысқандарға біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың
сәуір-мамыр айлары


4.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнің жесірлеріне біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы


5.

Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестірілгендерге біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы


6.

Тылда еңбек еткендері үшін орден, медальдармен марапатталғандарға біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

2010 жылдың мамыр айы


7.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне мерзімді басылымдарға тегін жаздыру

«Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», мерзімді басылымдарына

2010 жылдың І-ІІ жарты жылдықтары


8.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соғыс мүгедектерiне аудандық бюджет есебінен газға, байланыс нүктесіне, жол жүру ақысына, жарыққа біржолғы қаржылай көмек

30 241 (отыз мың екі жүз қырық бір) теңгеден

2010 жылдың
сәуір-мамыр айлары

9.

1941-1945 жылдары соғыс кезінде тылда еңбек еткендерге біржолғы қаржылай көмек

2 000 (екі мың) теңгеден

2010 жылдың
сәуір-мамыр айлары

10.

1, 10 Қазан Халықаралық қарттар және мүгедектер күніне орай жылына бір рет дәрі-дәрмек алуға бір жолғы қаржылай көмек

5000 (бес мың) теңгеден

2010 жылдың қазан айы

11.

Тіркеуде тұрған жалғызілікті қарттарды қолдау мақсатында олардың ішінен 80 жастан асқан қарттарға зейнетақысына қосымша ай сайын қосымша жәрдемақы беруге

бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

2010 жыл бойы

12.

Халықтың аз қамтамасыз етілген аса мұқтаж нысаналы топтарына біржолғы қаржылай көмек

150 000 (жүз елу мың) теңгеден

Жыл бойы

13.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға біржолғы қаржылай көмек

10 000 (он мың) теңгеден

Жыл бойы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады