Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Көксу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Көксу ауылдық округіне қарасты:
Көксу ауылындағы Ленин көшесі Бейбітшілік көшесі деп аталсын;
Көксу ауылындағы атауы жоқ көшесіне Халықтар достығы атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары Б.Қайтназаровқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі Т. Әлімқұл