Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.11.10 N 13746 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 5138 «Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-1-131 тіркелді, 2010 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Дидар», 2010 жылғы 13 ақпандағы № 21 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.";
2-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының
әкімі И. Әбішев