2010 жылғы 5 қаңтардағы № 5138 "Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы" қаулыға өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 07 мамырдағы N 6953 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда № 5-1-141 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қарашадағы N 13746 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.11.10  N 13746 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы 5 қаңтардағы № 5138 «Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-1-131 тіркелді, 2010 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Дидар», 2010 жылғы 13 ақпандағы № 21 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.";
      2-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі                                 И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады