Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 қаңтардағы N 5138 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 04 ақпанда № 5-1-131 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қарашадағы N 13746 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.11.10 N 13746 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 6-2 бабының 2) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есепке алу және тіркеу үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) саны аз заңды тұлға белгілері жоқ, саны 10 (онға) дейін кәмелетке толған азаматтармен діни топтарды (бұдан әрі – діни топ) есептік тіркеу бойынша жұмысты жүргізсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.05.07 N 6953 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      2. алынып тасталды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2010.05.07 N 6953 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
      3. Дiни топ оны Бөлімде есептiк тiркеуге қойған сәттен бастап дiни қызметiн жүзеге асыру құқығына ие болады.
      4. Діни топ есептік тіркелу үшін Бөлімге келесі құжаттарды ұсынады:
      1) осы қаулының 1-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз;
      2) осы қаулының 2-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi;
      3) топ мүшелерi жиналысының хаттамасы.
      5. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, Бөлім дiни топты есептiк тiркеу туралы деректерді 3-қосымшаға сай үлгіде заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналына енгізеді және құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей осы қаулының 4-қосымшасына сай үлгі бойынша заңды тұлғаның белгілері жоқ діни топты есептік тіркеу жөніндегі анықтаманы береді.
      6. Есептiк тiркеу ақысыз жүргiзiледi.
      7. Дiни топ өзiнiң қызметiн нақты тоқтатқан немесе әдiлет органдарында мемлекеттiк тұлға мәртебесiмен дiни бiрлестiк немесе заңды тұлғаның филиалы ретiнде тiркеуден өткен жағдайда жергiлiктi атқарушы органның есептiк тiркеуiнен шығарылады.
      8. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 1 қосымша
______________________________
(арызды тiркеушi органның атауы)

Заңды тұлға белгілері жоқ, саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі арыз

      _____________________________________________________________________________
(топ жетекшiсiнiң тегі, аты, әкесінің аты)
      _____________________________________________________________________________
(дiни топтың атауы, ұстанатын дiні)
      _____________________________________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерiнiң саны)
      _____________________________________________________________________________
(дiни топтың мекенжайы және ғибадат үйiнiң болуы)
      _____________________________________________________________________________
(өз қызметiн соның шегiнде жүзеге асыратын аумағы)

  Қолы
Күні
Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 2 қосымша

Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз дiни топты құраушы кәмелетке толған азаматтардың тiзiмi


Р/
с

Тегі, аты,
әкесiнiң аты,

Туған жылы, айы,
күнi

Тұрғылықты жерi

Қолы

 
 
 
 
 
 
 
 

      Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз
      дiни топтың басшысының қолы
      күні

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 3 қосымша

Заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу журналы


Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні

Дiни
топтың
атауы

Дiни
топтың
ұстанатын
діні

Дiни топтың
орналасқан
жерi

Дiни топ
қызметiнiң
ауданы

Ғибадат
үйiнiң
бар
болуы

1

2

3

4

5

6

7

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      кестенің жалғасы:

Р/с

Тiркелген
нөмірі
мен
күні

Жетекшiнiң
тегі, аты,
әкесінің
аты,
мекен-жайы
, телефоны

Есептік тiркеу
туралы анықтаманы
толтырған тұлғаның
тегі, аты, әкесінің
аты

Есептік тiркеу
туралы
анықтаманы
алған тұлғаның
тегі, аты,
әкесінің аты

Ескерту

1

2

8

9

10

11

 
 
 
 
 
 

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 қаңтардағы
№ 5138 қаулысына 4 қосымша

Заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтарды есептік тіркеу жөніндегі анықтама
№ _____

       200__ жылғы «___»____________ берiлдi
       __________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның белгілері жоқ саны аз діни топтың атауы)
       __________________________________________________________________________
       __________________________________________________________________________
       __________________________________________________________________________
      Топты тiркеген органның басшысы Қолы
      Мөрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады