Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2012.07.13 N 6-4-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешімге келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 8-тармағы келесі мазмұнда жазылсын:
«Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге көрсетілуі мүмкін».
Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14-тармағының 1) тармақшасындағы «өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 10 пайызы, бірақ 40 есептік көрсеткіштен артық емес» сөздері алынып, «өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 20 пайызы, бірақ 70 есептік көрсеткіштен артық емес» сөздерімен ауыстырылсын.
Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14-тармағының 2) тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жерлеу сомасы 20000 теңге (жиырма мың теңге) мөлшерінде»
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Тұрлыбеков
Аудандық мәслихат хатшысы Б. Аргумбаев