Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011.09.01 N 97 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV "Қазақстан Республикасының бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда 5-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланды) қаулыға келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыдағы қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
1) 12-тармақтың 2 және 3-тармақшасындағы «осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар» сөзі алынып тасталсын;
2) 12-тармақтың 6-тармақшасындағы «және осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар» сөзі алынып тасталсын;
3) 12-тармақтың 8-тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Шемонаиха ауданының әкімі А.Кәрімов