"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 06 сәуірдегі N 09 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 сәуірде N 5-19-115 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 қыркүйектегі N 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011.09.01 N 97 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16-бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV "Қазақстан Республикасының бюджет кодексі" Қазақстан Республикасы кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда 5-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланды) қаулыға келесі өзгерістер енгізілсін:
      Жоғарыдағы қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
      1) 12-тармақтың 2 және 3-тармақшасындағы «осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар» сөзі алынып тасталсын;
      2) 12-тармақтың 6-тармақшасындағы «және осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар» сөзі алынып тасталсын;
      3) 12-тармақтың 8-тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
 

      Шемонаиха ауданының әкімі                А.Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады