Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 03 наурызда № 5-19-93 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 қыркүйектегі № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011.09.01 № 97 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Беляеваға жүктелсін.
      3. Қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.
      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы М. Желдібаев

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 16 ақпандағы
№ 376 қаулысымен бекітілген

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді
тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі
нұсқаулық

      1. Нұсқаулық 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" № 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" № 39 Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының № 95-IV Бюджеттік кодексінің 55-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Нұсқаулық әрекеті "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарға таралмайды.

1. Жалпы ережелер

      3. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер (бұдан әрі - Әлеуметтік төлем) ақшалай төлем түрінде көрсетіледі.
      Әлеуметтік төлем көрсету шарты, мөлшері және түрлері осы нұсқаулықпен белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009.06.05. № 494 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4. Әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының азаматтарына, Шемонаиха ауданында тіркелген, тұратын оралмандарға ұсынылады.
      5. Әлеуметтік төлемді қаржыландыру көзі Шемонаиха ауданының бюджеті болып табылады.
      6. Әлеуметтік төлем, әкімгері "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі - Әкімгер) болып табылатын "Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен азаматтардың жегелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер" бюджеттік бағдарламаға (бұдан әрі-Бағдарлама) сәйкес және осы мақсатқа сәйкесінше қаржылық жылда аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде, ұсынылады.

2. Әлеуметтік төлем алу құқығы

      7. Біржолғы әлеуметтік төлем құқығы:
      1) Өткен тоқсан қорытындысы бойынша анықталатын отбасының бір мүшесіне бөлгенде күн көріс деңгейінен төмен табысы бар тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар);
      2) Жедел әлеуметтік көмекке мұқтаж (комиссия шешімімен анықталған онкологиялық, туберкулезді науқастарды емдеуге; операциялар жасау қажеттілігі; Қазақстан Республикасы аумағы бойынша госпитальға жатқызуға жол ақысына; өрт; денсаулығының нашарлануы; бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығу; апаттар; су тасқыны және басқа да тосын жағдайлар) белгілі жағдайларға тап болған тұлғалар (отбасылар), сондай-ақ жан басына шаққандағы табысына қатысы жоқ, мерекелік даталарға азаматтардың жекелеген санаттары.
      8. Коммуналдық қызметтің шығындар өтемақысына ай сайынғы әлеуметтік төлемге Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлер құқылы.
      8-1. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан, "Алтын белгі" белгісімен марапатталған мектеп түлектері ай сайынғы әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар.
      8-2. Шемонаиха ауданының аумағында тұратын, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың айсайынғы әлеуметтік көмекті алуға (қосымша тамақтану мен жол ақымен қамтамасыз етілуге) құқығы бар.
      Ескерту. 2-тарау 8-1 тармағымен толықтырылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009.08.10 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен. 2-тарау 8-2 тармағымен толықтырылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.07.09 № 97 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

3. Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы
әлеуметтік төлемдер тағайындау

      Ескерту. Тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009.06.05. № 494 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      9. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа), жазбаша өтініш бойынша жылына бір рет материалдық көмек түрінде ұсынылады.
      10. Біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда аудандық комиссияның шешімі бойынша белгіленеді, ол 200000 (екі жүз мың) теңгеден аспайды.
      11. Аудандық комиссия материалдық көмекті бөлу немесе бас тарту туралы шешім шығаруға құқылы. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша өтінушіге жазбаша жауап беріледі.
      Азаматтардың өтініштері аудандық комиссия отырысына келесі құжаттарды ұсынған кезінде қаралады: өтінушінің жеке куәлік көшірмесі, өтінушінің тұрғылықты жерін және отбасы құрамын растайтын құжат көшірмесі, СТТН көшірмесі, өтінуші тұратын аумақтағы округ әкімдігінің өкілі жазып, округ әкімі бекіткен тұрғын үй –тұрмыстық жағдайын тексеру актісі; өтінушінің материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа да құжаттар (емдеу, операция құны, медициналық тексеру және т.б. туралы медициналық мекеменің қорытындысы).
      Әлеуметтік төлемдерді бағдарлама әкімгері агенттік келісім негізінде "Қазпочта" АҚ филиалына тағайындалған соманы аудару жолымен жүргізеді.

4. Мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына
біржолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау

      Ескерту. Тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009.06.05. № 494 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      12. Мерекелік күндерге азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік төлемдер азаматтардың келесі санаттарына ұсынылады:
      1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер – 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі және қалтқысыз әскери қызметі үшін марапатына жатқызылған бұрынғы КСРО медалімен марапатталып - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлері - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      4) Ленинград қаласын қоршау кезіндегі жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      5) Бұрынғы фашистік концлагердің кәмелетке толмаған тұтқындары - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      6) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында хабарсыз жоғалған, қайтыс болған, опат болған жауынгерлердің жесірлері, - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      7) "Алтын Алқа", "Күміс Алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, 1 және 2 дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған аналар, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар көп балалы аналар (отбасылар) - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      8) алынып тасталды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.04.06 № 09(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      9) Мемлекеттің толық қарауындағы тұлғалардан басқа, төлем кезінде 80-ге одан да көп жасқа толған қарт адамдар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуші отбасылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      10) Мемлекеттің толық қарауындағы тұлғалардан басқа, І,ІІ,ІІІ топ мүгедектері, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      11) Мүгедек балалар (16 жасқа дейінгі) - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      12) Ақталғандар, осы негізде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      13) Коммуналдық қызметтің шығындар өтемақысына әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге өтініш пен келесі құжаттарды берген айдан бастап жүзеге асырылады: жеке куәлік көшірмесі, дербес зейнеткер куәлігінің, не дербес зейнетақы тағайындау хаттамасының көшірмесі, тұрғылықты жерін растайтын құжат көшірмесі – төлем мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды;
      14) "Шемонаиха ауданының құрметті азаматы" атағы берілген, Шемонаиха ауданының аумағында тұратын тұлғалар – 5 АЕК-ке дейін;
      15) Ауғаныстаннан кеңес әскерлерінің шектеулі құрамын шығару күніне; Ауғаныстандағы соғысқа қатсықандар мен мүгедектерге, Ауғаныстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза болған (хабарсыз кеткен) немесе жарақат, контузия, зақымдану, ауру салдарынан қайтыс болған әскерилердің отбасына - 5 АЕК-ке дейін;
      16) Чернобыль атом электростанциясындағы апат кезінде құрбан болғандарды еске алу күніне: Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқан тұлғаларға - 5 АЕК-ке дейін;
      17) Қала, кент, ауылдық округтер әкімдерінің ұсынуымен мерекелік және атаулы күндерге арналған аудан әкімінің қабылдауына шақырылған тұлғалар - әрбіреуіне 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде;
      18) Қарттар күніне Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге және ардагерлер активтеріне "Рудный алтай", "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Дидар" және басқа да гезеттерге жазылуды ресімдеуге – жазылу кезеңінде мерзімдік басылымға жазылу мөлшерінде бір жылға.
      Аудандық ардагерлер Кеңесі Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің және ардагерлер активтерінің аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымының қолы қойылған тізімдерін Әкімгерге ұсынады. Ұсынылған тізімге сәйкес жазылу басылымдарын ресімдеуге әлеуметтік көмек тағайындалады.
      Әлеуметтік төлеміне тізімдерді жинақтау зейнетақы төлемі жөніндегі Мемлекеттік орталық филиалының ұсынған төлем сәтіндегі зейнетақы алушылар базасы бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.04.06 № 09 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      13. Бюджетте қаржы болған жағдайда, материалдық көмек айтулы оқиғалар мен күндерді мерекелейтін азаматтардың басқа санаттарына да көрсетілуі мүмкін - 5 АЕК-ке дейінгі мөлшерде.
      14. Әлеуметтік төлемдерді көтермелеу тәртібінде алу басқа да негіздерге қатыссыз жүргізіледі.

4-1. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындау

      14-1. Қазақстан Республикасына ерекше сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар мен облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарының өтем ақысы үшін берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері 2000 (екі мың) теңгені құрайды.
      14-2. тұрмысы төмен отбасынан шыққан, "Алтын Белгі" белгісімен марапатталған мектеп түлектеріне ЖОО оқу кезеңінде берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері 15000 (он бес мың) теңгені құрайды.
      Ескерту. Нұсқаулық 4-1 тарауымен толықтырылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2009.08.10 № 569 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

4-2. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға айсайынғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау

      14-3. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтанумен қамтамасыз етуге және тұрғылықты жерінен туберкулезге қарсы кабинетке дейінгі екі жаққа жол жүру ақысына арналған әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
      14-4. Әлеуметтік көмекті тағайындауды Шемонаиха қаласындағы туберкулезге қарсы кабинеттің берген тізімдеріне сәйкес, "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" медициналық бірлестік жүзеге асырады.
      14-5. Осы нұсқаулықтың 8-2 тармағында көрсетілген тұлғалар өкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) диспансерлік есепте тұрғандығы туралы туберкулезге қарсы кабинеттен анықтама;
      5) "Қазпошта" акционерлік қоғамдық бөлімшесінен жеке шот.
      14-6. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-анасының біреуі, не заңды өкілі (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) 14-5 тармақта көрсетілген құжаттарды, сонымен қоса баланың жеке басын куәландыратын құжаттар мен қамқоршы, жанашыр, патронатты тәрбиеші мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады.
      14-7. Қосымша тамақтануға арналған әлеуметтік көмек мөлшері күніне 250 (екі жүз елу) теңгені құрайды. Төлем 1 айдағы күндер санының есебімен, стационарлық емделуде болған күндері шегеріліп, ағымдағы айдың басында төленеді.
      14-8. Ауылдық жерде тұратын 8-2 тармақта көрсетілген тұлғаларға емделу кезінде ай сайын Шемонаиха қаласындағы фтизиатрға келген жолақысы екі жаққа маршрутты таксимен жол жүру ақысы бойынша төленеді.
      Ескерту. Нұсқаулық 4-2 тарауымен толықтырылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010.07.09 № 97 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

5. Әлеуметтік төлемдердің жүргізілуіне бақылау жасау

      15. Әлеуметтік төлемдерді көрсету жөніндегі бақылау мен есеп беру Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жүзеге асады.
      Шемонаиха ауданының ЖҚ
      және ӘББ ММ бастығы Г. Бабаева

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады