Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 4 мамырдағы N 237 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 мамырда N 6981 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 27.02.2018 № 306 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі Салық комитеті төрағасының бұйрығына және Қазақстан

      Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаменті (Аманқабжан А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2011 жылғы 4 мамырдағы
№ 237 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесі

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 19.02.2016 № 75 бұйрығымен.
      2) күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 52 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 140 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 141 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      4) "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген және 2009 жылғы № 3 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында; 2009 жылғы № 6 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 345-құжат (10-қосымшаны қоса алғанға дейін); 2009 жылғы № 7, 345-құжат (11-ден бастап 54-қосымшаны қоса алғанда); 2009 жылғы № 8, 345-құжат (55-ден бастап 82-қосымшаны қоса алғанда) жарияланған) бұйрығына:

      Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне 6-қосымшада:

      "Салық түсімдер" деген 1-санатында:

      "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын ішкі салықтар" деген 05-сыныбында:

      "Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар" 4-кіші сыныбында:

      18-ерекшеліктің салық атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым";

      5) "Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген, 2009 жылғы № 5 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7) күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.01.12 № 15 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады