Ескерту. Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 07.08.2013 № 177 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 ақпандағы № 54-55 (26475-26476), 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-57 (26477-26478) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
15, 16-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Агенттіктің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Агенттік құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә.Смайылов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндет атқарушы
А.Рау________________
2011 жылғы 16 қыркүйек
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері агенттігінің Төрағасы
С.Нокин________________
2011 жылғы 22 қыркүйек
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі
С.Мыңбаев_______________
2011 жылғы 28 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 243 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы |
|||||||||||||||
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан |
Приложение 15 к приказу исполняющего обязанности председателя Агентства Республики Казахстан по статистике |
|||||||||||||||
Аумақтық органға тапсырады |
|
|||||||||||||||
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады |
||||||||||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. |
||||||||||||||||
Статистикалық нысан коды |
Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы
|
|||||||||||||||
ЖК-001 |
||||||||||||||||
Біржолғы |
Есептік кезең _ _ _ _ жыл |
|||||||||||||||
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) кодтарына 05-33, 35-39 сәйкес өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер табыс етеді. |
||||||||||||||||
Тапсыру мерзімі – 1 шілдедегі жағдай бойынша |
||||||||||||||||
СТН коды |
||||||||||||||||
ЖСН коды |
Заттай көріністегі өнім өндірісін, өндірілген өнеркәсіп
өнімінің көлемін және өндіріске жұмсалған уақытты көрсетіңіз
Укажите производство продукции в натуральном выражении, объем произведенной промышленной продукции и время, затраченное на производство
Өнім атауы |
ӨӨСЖ* коды (статистика органының қызметкерімен толтырылады) |
Өлшем бірлігі |
Заттай көріністегі өндірілген өнім** |
Өндірілген өнімнің көлемі, мың теңге** |
Өнім өндірумен айналасқанда:Производством продукции занимались в течение: |
|||
бір тәулікте |
бір айда |
бір тәулікте |
бір айда |
бір айда қанша күн |
бірінші жарты жылдықта қанша ай |
|||
А |
Б |
В |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
* Өнеркәсіп өнімдерінің статистикалық жіктеуіші
Статистический классификатор промышленной продукции
** Орташа бір тәуліктегі немесе бір айда (бір тәуліктегісін көрсетуге мүмкін болмаған жағдайда)
В среднем за сутки или за месяц (в случае если нельзя указать за сутки)
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!
Благодарим за сотрудничество!
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 243 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі Төрағасы
міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 тамыздағы
№ 223 бұйрығына
16-қосымша
«Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы» (коды 0352105, индексі ЖК-001, кезеңділігі бір жолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы» (коды 0352105, индексі ЖК-001, кезеңділігі бір жолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру үшін қолданылады.
1) өнеркәсіп өнімдерін өндіру – ол өзінің қажеттіліктеріне пайдалануға және сатуға арналған заттай көріністегі өнімнің шығарылымы;
2) өндірілген өнім көлемі – тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге арналған өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
3. Шығарылған өнім түрінің атауы және өлшем бірлігі А мен В бағандарында көрсетіледі. 1 және 3-бағандарда бір тәулікте өндірілген заттай және құндық көріністегі өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі көрсетіледі. Егер де бір тәулікте өнімнің көлемін көрсету мүмкін болмаған жағдайда (мәселен: жиһаз жасау, киім тігу және тағы басқа), онда өнім өндіруді 2 және 4-бағандарда көрсету керек (тұтастай ай бойынша).
5-бағанда өнеркәсіптік өнімді шығару жүзеге асырылған 1 айдағы күнтізбелік күннің санын көрсету қажет (1 және 3-бағанда деректер болған жағдайда).
6-бағанда есепті жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік өнімді шығару қанша айда жүзеге асырылғанын көрсету керек (1, 2, 3 және 4-бағанда деректер болған жағдайда).