Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 223 "Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 23 тамыздағы № 243 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 қазанда № 7268 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 07 тамыздағы № 177 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 07.08.2013 № 177 бұйрығымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 ақпандағы № 54-55 (26475-26476), 2011 жылғы 16 ақпандағы № 56-57 (26477-26478) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1516-қосымшалар осы бұйрықтың 12-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Агенттіктің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Агенттік құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Ә.Смайылов

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      Министрінің міндет атқарушы
      А.Рау________________
      2011 жылғы 16 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылық істері агенттігінің Төрағасы
      С.Нокин________________
      2011 жылғы 22 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      С.Мыңбаев_______________
      2011 жылғы 28 қыркүйек

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 23 тамыздағы    
№ 243 бұйрығына         
1-қосымша           


Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Конфиденциальность гарантируется органами государственной статистики

Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасы міндетін атқарушының
2010 жылғы 18 тамыздағы № 223 бұйрығына 15-қосымша

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Статистическая форма по общегосударственному статистическому наблюдению

Приложение 15 к приказу исполняющего обязанности председателя Агентства Республики Казахстан по статистике
от 18 августа 2010 года № 223

Аумақтық органға тапсырады
Представляется территориальному органу

Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажеттiсiн қоршаңыз)
Время, затраченное на заполнение статистической формы, час (нужное обвести)

1 сағатқа дейiн

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық

до 1

более 40

Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статистикалық деректерді уақтылы тапсырмау, дәйексіз деректерді беру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Несвоевременное представление, предоставление недостоверных первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями и влекут за собой ответственность в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

Статистикалық нысан коды
0352105
Код статистической формы
0352105

Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы
Анкета выборочного обследования индивидуальных предпринимателей, занимающихся производством промышленной продукции

ЖК-001
ИП-001

Біржолғы
Единовременная

Есептік кезең  _ _ _ _   жыл
Отчетный период |_|_|_|_|  год

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) кодтарына 05-33, 35-39 сәйкес өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер табыс етеді.
Представляют индивидуальные предприниматели, занимающиеся производством промышленной продукции согласно кодам Общего классификатора видов экономической деятельности (ОКЭД) 05-33, 35-39

Тапсыру мерзімі – 1 шілдедегі жағдай бойынша
Срок представления – по состоянию на 1 июля

СТН коды
РНН














ЖСН коды
код ИИН













Заттай көріністегі өнім өндірісін, өндірілген өнеркәсіп
өнімінің көлемін және өндіріске жұмсалған уақытты көрсетіңіз
Укажите производство продукции в натуральном выражении, объем произведенной промышленной продукции и время, затраченное на производство

Өнім атауы
Наименование продукции

ӨӨСЖ* коды (статистика органының қызметкерімен толтырылады)
Код СКПП (заполняется работником органа статистики)

Өлшем бірлігі
Единица измерения

Заттай көріністегі өндірілген өнім**
Произведено продукции в натуральном выражении

Өндірілген өнімнің көлемі, мың теңге**
Объем произведенной продукции, тысяч тенге

Өнім өндірумен айналасқанда:Производством продукции занимались в течение:

бір тәулікте
за сутки

бір айда
за месяц

бір тәулікте
за сутки

бір айда
за месяц

бір айда қанша күн
дней в месяце

бірінші жарты жылдықта қанша ай
месяцев в 1 полугодии

А

Б

В

1

2

3

4

5

6














































* Өнеркәсіп өнімдерінің статистикалық жіктеуіші
  Статистический классификатор промышленной продукции

** Орташа бір тәуліктегі немесе бір айда (бір тәуліктегісін көрсетуге мүмкін болмаған жағдайда)
В среднем за сутки или за месяц (в случае если нельзя указать за сутки)

Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!
Благодарим за сотрудничество!

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 23 тамыздағы    
№ 243 бұйрығына        
2-қосымша             

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі Төрағасы 
міндетін атқарушының      
2010 жылғы 18 тамыздағы     
№ 223 бұйрығына        
16-қосымша          

«Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы» (коды 0352105, индексі ЖК-001, кезеңділігі бір жолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

      1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді іріктеп зерттеу сауалнамасы» (коды 0352105, индексі ЖК-001, кезеңділігі бір жолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайды.
      2. Келесі анықтамалар осы статистикалық нысанды толтыру үшін қолданылады.
      1) өнеркәсіп өнімдерін өндіруол өзінің қажеттіліктеріне пайдалануға және сатуға арналған заттай көріністегі өнімнің шығарылымы;
      2) өндірілген өнім көлемі – тапсырыс бойынша орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге арналған өзі шығарған (өз шикізаты және материалдарымен қатар, тапсырыс берушінің шикізаты және материалдарынан дайындалған), барлық дайын бұйымдардың (өнімдердің), жартылай фабрикаттардың құны.
      3. Шығарылған өнім түрінің атауы және өлшем бірлігі А мен В бағандарында көрсетіледі. 1 және 3-бағандарда бір тәулікте өндірілген заттай және құндық көріністегі өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі көрсетіледі. Егер де бір тәулікте өнімнің көлемін көрсету мүмкін болмаған жағдайда (мәселен: жиһаз жасау, киім тігу және тағы басқа), онда өнім өндіруді 2 және 4-бағандарда көрсету керек (тұтастай ай бойынша).
      5-бағанда өнеркәсіптік өнімді шығару жүзеге асырылған 1 айдағы күнтізбелік күннің санын көрсету қажет (1 және 3-бағанда деректер болған жағдайда).
      6-бағанда есепті жылдың бірінші жартыжылдығында өнеркәсіптік өнімді шығару қанша айда жүзеге асырылғанын көрсету керек (1, 2, 3 және 4-бағанда деректер болған жағдайда).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады