Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 161-НҚ бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (1112) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланыстағы қызмет түрлерінің тізбесіне:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кеңестігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
2. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ.Ыбыраева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е.Сүлейменова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етіп, жарияланғаны туралы мәліметтерді кейіннен Заң департаментіне (М.Ш.Мукушева) табыс етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының және "Казаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М.Смағұловқа және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасының |
Табиғи монополияларды реттеу | Көлік және коммуникация |
агенттігінің төрағасы | министрі |
__________ Н.Алдабергенов | __________ Б. Камалиев |
КЕЛІСІЛГЕН | |
Қазақстан Республикасының | |
Байланыс және ақпарат | |
министрі | |
____________ А. Жұмағалиев |
2011 ж. 8 қараша