Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн, тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7374 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2014 № 189 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылап назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 24-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың, сырттай байқау әкiмшiсiнің, тағайындау және шеттету қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мына бұйрықтардың:
      1) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1555) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6220 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 мамырда № № 192-194 (26040) «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 мамырда № 128 (26189) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылы 30 каңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң  
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен   
бекiтiлген      

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау
әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы

      Осы Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлiмшелерiнің (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету тәртiбiн белгiлейдi және оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсiмдерiне (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда) қолданылады.
      Осы Қағида мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу қорытындылары бойынша конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайларға қолданылмайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде (бұдан әрі – Комитет) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшілерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың арасынан тағайындалады. Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қалыптастырылады, ол Комитеттің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі – Комитеттің интернет-ресурсы) орналастырылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Бірыңғай тізілімде көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша аумақтық қағидатты сақтай отырып, Бірыңғай тізілімінде тіркелген тұлғалардың арасынан тиісінше осы Қағиданың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша оңалтушы басқарушыларын тағайындау тізілімін, конкурстық басқарушыларды тағайындау тізілімін, сырттай байқау әкімшіліктерін тағайындау тізілімін (бұдан әрі - Тізілім), жасайды және жеке жүргізеді.
      3. Тиісті Тізілімге оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тіркеу және тіркеуден алып тастау туралы әрбір жазбаны енгізген жағдайдан кейін, сондай-ақ әрбір тағайындау және шеттету, босату жағдайлары кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      Тіркелген күннен кейінгі күні тіркелген тұлға туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
      4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес Тізілімге енгізілетін мәліметтердің толықтығына, дұрыстығына және уақтылығына, сондай-ақ оның сақталуына және Тізілімнің мұрағатын жүргізуге жауапты қызметкерді тағайындайтын бұйрық шығарады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркеудің есепке алу нысанында Құжаттамалау ережесіне сәйкес сот актілерін есепке тіркеудің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау тәртiбi

      6. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі тиісті Тізілімге сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      7. Конкурстық басқарушыны сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындалған күн, ол туралы мәліметтер Тізілімнің соңына көшіріледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген адамды Заңның 9-бабының 11-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшесі оны тағайындауды жүргізбейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
      9. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы, борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларын (қатысушыларын) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету туралы сот ұйғарымы, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін, сондай-ақ оңалтушы басқарушыны шеттеткен кезде кредиторлар жиналысы хаттамасын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау тиісінше осы Қағиданың 4-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүргізіледі, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орнын басатын тұлға қол қояды және мөртаңбамен расталады.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрық шығарылған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Комитеттің интернет-ресурсында оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тұлғаны тағайындау туралы бұйрық орналастырылған сәттен бастап, тұлға өзінің өкілеттігін орындауға кіріскен болып есептеледі.
      Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі шығарылған күні оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелуге өтініште көрсетілген пошталық мекенжай бойынша хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жіберіледі, не өтініш берушінің келісімімен электрондық поштаның (E-mail) мекенжайына жіберіледі не бұйрықтың екінші данасына алғаны туралы қол қоюымен қолма-қол тапсырылады.
      Бұйрықтың екінші данасы Комитеттің аумақтық бөлімшесінде сақталады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

3. Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы және конкурстық
басқарушыларды шеттету тәртібі

      10. Комитеттің аумақтық бөлімшелері оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін жүктеген өкілеттіктерін орындаудан мынадай:
      1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың Заңда белгiленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;
      2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;
      3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;
      4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiм бұзылған жағдайларда дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетуге тиiс.
      10-1. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10-2. Оңалту рәсімі барысында осы Қағиданың 10 және 10-1-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ол туралы кредиторларды хабардар етеді.
      Кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтушы басқарушының кандидатурасын үш жұмыс күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлармен кандидатура ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оңалтушы басқарушыны тағайындайды.
      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      11. Осы Қағиданың 10-тармағының 1-тармақшасында көзделген негiздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы Ережесінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.
      12. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі (босатылады).
      13. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда, олар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
      Оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшілерін шеттету туралы бұйрық қабылданған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      14. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (бар болған кезде) борышкердің құрылтайшы, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, қоса алғанда барлық құжаттарын, барлық мүліктерін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөртаңбасын қайта тағайындалған оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сырттай байқау әкімшісіне немесе борышкердің басшысына борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану, банкрот деп тану, сырттай байқауды енгізу туралы сот актілері жойылған кезде беруге міндетті.
      15. Тиісті қызметті жүзеге асыратын оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері туралы мәліметтер осы Қағиданы қолданысқа енгізгенге дейін қандай тәртіпте болса, солай тиісті Тізілімге көшіріледі.
      Оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсімінде жұмыспен қамтылмаған тұлғалар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына көшіріледі.
      Осы Қағида күшіне енгенге дейін өз іс-әрекетін тоқтатқан тұлғалар туралы мәліметтер тоқтату мерзімі біткеннен кейін сәйкесінше Тізілімне қосылады.

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына   
1-қосымша            

Нысан

_______________ оңалтушы басқарушыны тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                         

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).          

№ р/с

Оңалтушы басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)

Заңды тұлғаның (борышкердің) атауы

Заңды тұлғаның (борышкердің) бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

Оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ұйғарымның/кредиторлар жиналысы хаттамасының күні және нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына    
2-қосымша          

Нысан

_______________ конкурстық басқарушыларды тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                                

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Конкурстық басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Конкурстық басқарушының жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)

Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
(ЖСН/БСН)

Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күні, нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына    
3-қосымша         

Нысан

_______________ сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                                

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Сырттай байқау әкiмшiсiнiң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жеке сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН)

Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Борышкердің жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру
нөмірі
(ЖСН/БСН)

Сырттай байқау рәсімін енгізу туралы істі қозғау туралы ұйғарымның күні, нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына     
4-қосымша             

Нысан

Оңалтушы басқарушыны тағайындау туралы бұйрық

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _________ оңалту жоспарын бекіту туралы
                        (борышкердің атауы)
(борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың)
борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы)
____________________ облысы (қаласы) _____________________ сотының
201___ жылғы «__» ____________ ұйғарымының/кредиторлар жиналысы
хаттамасының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
      1. _________________________________ оңалтушы басқарушысы болып
       (борышкердің атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН))
      _____________________________________________ тағайындалсын.
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы
талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының міндеттерін атқару
_____________________________________ жүктелсін.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      3. Оңалтушы басқарушысы _______________________________________
                                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ___________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы _______________________________________    ________________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))         (қолы)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына     
5-қосымша             

Нысан

Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы бұйрық

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _______________ банкрот деп тану туралы
                            (борышкердің атауы)
___________________________ облысы (қаласы) сотының 201 __ жылғы
«___» ______ _______ шешiмiнiң негiзiнде, БҰЙЫРАМЫН:
      1. ____________________________________ конкурстық басқарушысы
      (борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) болып
__________________________________________________ тағайындалсын.
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. ___________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
заңнамасының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының мiндеттерiн атқару.
      3. Конкурстық басқарушы _______________________________________
                              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы ________________________________________     ________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))          (қолы)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және
шеттету қағидасына      
6-қосымша            

Нысан

Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау туралы бұйрық

         Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 13.01.2014 № 3 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).   

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21
қаңтардағы Заңына сәйкес және _________________________ қатысты
сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы ___________________ облысы
(қаласы) ______________ сотының 201 __ жылғы «__» _______
_____________________________________________ шешiмiнiң негiзiнде,
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
      БҰЙЫРАМЫН:
      1.______________________________ сырттай байқау әкiмшiсi болып
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
      ___________________________________________ тағайындалсын.
       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      2. _____________________ Қазақстан Республикасы банкроттық
        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсiнiң мiндеттерiн атқару.
      3. Сырттай байқау әкiмшiсi _______________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Қазақстан Республикасы банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)), лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Салық комитетінің облыс,
Астана және Алматы қаласы
бойынша аумақтық бөлімшесінің
басшысы ________________________________________      ____________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))           (қолы)

Об утверждении Правил назначения и отстранения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 декабря 2011 года № 637. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2012 года № 7374. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2014 года № 189

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 28.04.2014 № 189 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 24) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан от 21 января 1997 года "О банкротстве", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила назначения и отстранения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения.
      2. Комитету по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан (Усенова Н.Д.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее опубликование в средствах массовой информации.
      3. Признать утратившими силу:
      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 396 "Об утверждении Правил назначения и отстранения администратора внешнего наблюдения, реабилитационного управляющего, а также назначения и отстранения, учета и регистрации конкурсного управляющего" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5292, опубликованный в "Юридической газете" от 10 октября 2008 года № 155 (1555));
      2) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 апреля 2010 года № 167 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 396 "Об утверждении Правил назначения и отстранения администратора внешнего наблюдения, реабилитационного управляющего, а также назначения и отстранения, учета и регистрации конкурсного управляющего" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6220, опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" от 19 мая 2010 года № 192-194 (26040) и "Казахстанская правда" от 22 мая 2010 года № 128 (26189)).
      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 30 января 2012 года.

      Министр                                    Б. Жамишев

Утверждены        
Приказом Министра финансов 
Республики Казахстан   
от 15 декабря 2011 года № 637

Правила
назначения и отстранения реабилитационного и конкурсного
управляющих, администратора внешнего наблюдения

      Настоящие Правила назначения и отстранения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 января 1997 года «О банкротстве» (далее – Закон) и устанавливают порядок назначения и отстранения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения территориальными подразделениями Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана и Алматы (далее – территориальные подразделения Комитета), и распространяются на процедуры реабилитации, конкурсного производства и внешнего наблюдения (за исключением банкротства банков, страховых (перестраховочных) организаций и добровольных накопительных пенсионных фондов).
      Настоящие Правила не распространяются на случаи назначения конкурсных управляющих по итогам проведения государственных закупок в соответствии с законодательством о государственных закупках.
      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Реабилитационные и конкурсные управляющие, администраторы внешнего наблюдения назначаются из числа лиц, зарегистрированных в Налоговом комитете Министерства финансов Республики Казахстан (далее – Комитет) в целях осуществления деятельности реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения. Сведения о зарегистрированных лицах формируются в Единый реестр, который размещается на интернет-ресурсе Комитета: www.salyk.gov.kz (далее – интернет-ресурс Комитета).
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Территориальными подразделениями Комитета из числа лиц, зарегистрированных в Едином реестре, с соблюдением принципа территориальности по месту осуществления деятельности, указанному в Едином реестре, формируются и ведутся отдельно реестр назначения реабилитационных управляющих, реестр назначения конкурсных управляющих, реестр назначения администраторов внешнего наблюдения (далее - Реестр), соответственно по формам согласно приложениям 1-3 к настоящим Правилам.
      3. Изменения и дополнения в соответствующие Реестры вносятся после каждого случая регистрации и снятия с регистрации, а также при каждом случае назначения и отстранения, освобождения реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения.
      В день, следующий за днем регистрации, сведения о зарегистрированном лице вносятся в конец соответствующего Реестра.
      4. Территориальные подразделения Комитета издают приказ, которым назначают работника, ответственного за полноту, достоверность и своевременность вносимых в Реестр сведений, а также за его сохранность и ведение архива Реестра в соответствии с Типовыми правилами документирования и управления документацией в государственных и негосударственных организациях, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2011 года № 1570 (далее - Правила документирования).
      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5. Назначение конкурсного управляющего, администратора внешнего наблюдения осуществляется согласно очередности регистрации судебных актов в регистрационной учетной форме в территориальном подразделении Комитета в соответствии с Правилами документирования.
      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок назначения реабилитационного и конкурсного
управляющих, администратора внешнего наблюдения

      6. Назначение в качестве конкурсного управляющего, администратора внешнего наблюдения осуществляется территориальным подразделением Комитета в порядке очередности согласно соответствующему Реестру.
      Территориальное подразделение Комитета назначает реабилитационным управляющим кандидатуру, представленную собранием кредиторов.
      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. В день назначения в качестве конкурсного управляющего администратора внешнего наблюдения сведения о нем переносятся в конец Реестра.
      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. В случае невозможности назначения лица, зарегистрированного в целях осуществления деятельности реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения по основаниям, предусмотренным пунктом 11 статьи 9 Закона, его назначение территориальным подразделением Комитета не производится, в Реестр соответствующие изменения не вносятся.
      9. Назначение реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения производится приказом территориального подразделения Комитета в течение пяти рабочих дней после вступления в силу определения суда об утверждении плана реабилитации, определения суда об отстранении от управления имуществом и делами должника собственника имущества должника, учредителя (участников), решения суда о признании должника банкротом, определения суда о введении внешнего наблюдения, а также после представления протокола собрания кредиторов при отстранении реабилитационного управляющего, соответственно по формам согласно приложениям 4-6 к настоящим Правилам, который подписывается руководителем территориального подразделения Комитета, либо лицом его замещающим и заверяется печатью.
      Приказ о назначении реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения в день принятия размещается на интернет-ресурсе Комитета.
      C момента размещения на интернет-ресурсе Комитета приказа о назначении лица в качестве реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения, лицо считается приступившим к выполнению своих полномочий.
      Приказ издается в двух экземплярах, один из которых в день принятия направляется заказным письмом с уведомлением по указанному в заявлении на регистрацию в целях осуществления деятельности реабилитационного и (или) конкурсного управляющих и (или) администратора внешнего наблюдения (далее - заявление) почтовому адресу, либо направляется на адрес электронной почты (E-mail), с письменного согласия заявителя, либо вручается нарочно, под роспись о получении на втором экземпляре приказа.
      Второй экземпляр приказа хранится в территориальном подразделении Комитета.
      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными приказами Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок отстранения реабилитационного и конкурсного
управляющих, администратора внешнего наблюдения

      10. Реабилитационный и конкурсный управляющие, администратор внешнего наблюдения отстраняются от выполнения возложенных полномочий территориальными подразделениями Комитета в случаях:
      1) выявления по результатам проверки нарушения ими требований, установленных Законом, причинившего ущерб интересам кредитора или должника;
      2) невозможности исполнения своих полномочий вследствие: смерти; временной нетрудоспособности более одного месяца; признания в судебном порядке недееспособным или ограниченно дееспособным, безвестно отсутствующим либо объявления умершим; вступления в законную силу обвинительного приговора суда в отношении них;
      3) выявления факта представления ими недостоверных сведений при регистрации;
      4) незаключения соглашения с комитетом кредиторов в течение тридцати календарных дней после своего назначения либо расторжения соглашения, заключенного с комитетом кредиторов.
      10-1. С момента вынесения судом определения о приостановлении реабилитационной процедуры реабилитационный управляющий отстраняется от управления имуществом и делами должника.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 10-1 в соответствии с приказом Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      10-2. При выявлении в ходе процедуры реабилитации случаев, указанных в пунктах 10 и 10-1 настоящих Правил, территориальное подразделение Комитета уведомляет об этом кредиторов.
      Собрание кредиторов в течение трех рабочих дней представляет в территориальное подразделение Комитета кандидатуру реабилитационного управляющего из числа лиц, зарегистрированных в уполномоченном органе.
      Территориальное подразделение Комитета в течение пяти рабочих дней после представления кредиторами кандидатуры назначает реабилитационного управляющего.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 10-2 в соответствии с приказом Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Неоднократное отстранение в течение одного года реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения от выполнения возложенных полномочий по основанию, предусмотренному подпунктом 1) пункта 10 настоящих Правил, и (или) отстранение по одному из оснований, предусмотренных подпунктами 2) и 3) пункта 10 настоящих Правил, влекут их одновременное отстранение от выполнения возложенных на них полномочий, в отношении всех должников.
      12. Реабилитационный и конкурсный управляющие, администратор внешнего наблюдения, отстраняются (освобождаются) от выполнения возложенных полномочий приказом территориального подразделения Комитета.
      13. В случае отстранения или освобождения конкурсного управляющего, администратора внешнего наблюдения от выполнения возложенных полномочий, сведения о них переносятся в конец соответствующего Реестра.
      Приказ об отстранении реабилитационного и конкурсного управляющих, администратора внешнего наблюдения в день принятия размещается на интернет-ресурсе Комитета.
      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными приказами Министра финансов РК от 09.04.2012 № 198 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      14. Реабилитационный и конкурсный управляющие, администратор внешнего наблюдения в срок не позднее трех рабочих дней со дня его отстранения или освобождения передает (при наличии) все документы должника, включая учредительные, финансовые и правоустанавливающие документы на его имущество, все имущество (активы) должника, а также печать должника вновь назначенному реабилитационному и конкурсному управляющим, администратору внешнего наблюдения или руководителю должника при отмене судебного акта о применении в отношении должника процедуры реабилитации, признании банкротом, введении внешнего наблюдения.
      15. Сведения о реабилитационных и конкурсных управляющих, администраторах внешнего наблюдения, осуществляющих соответствующую деятельность, переносятся в соответствующий Реестр в таком же порядке, в каком были до введения в действие настоящих Правил.
      Сведения о лицах не занятых в процедуре реабилитации, конкурсного производства и внешнего наблюдения переносятся в конец соответствующего Реестра.
      Сведения о лицах, приостановивших свою деятельность до введения в действие настоящих Правил, включаются в конец соответствующего Реестра по окончанию срока приостановления.

Приложение 1                
к Правилам назначения и отстранения   
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения    

Форма           

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

    Реестр назначения реабилитационных управляющих на __________
                                                             (дата)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии) реабилитационного управляющего

Индивидуальный идентификационный номер  (ИИН) реабилитационного управляющего

Наименование юридического лица (должника)

Бизнес-идентификационный номер (БИН) юридического лица (должника)

Дата и номер определения об утверждении плана реабилитации (об отстранении от управления имуществом и делами должника собственника имущества должника, учредителя (участников)/ протокола собрания кредиторов)

Дата приказа о назначении

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

      Фамилия, имя, отчество (при наличии) должностного лица, составившего реестр

Приложение 2            
к Правилам назначения и отстранения  
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения   

      Сноска. Приложение 2 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Форма

     Реестр назначения конкурсных управляющих на __________
                                                       (дата)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии) конкурсного управляющего

Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) конкурсного управляющего

Наименование/ фамилия, имя, отчество (при наличии) должника

Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер (ИИН/БИН) должника

Дата и номер решения о признании должника банкротом

Дата приказа о назначении

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

      Фамилия, имя, отчество (при наличии) должностного лица, составившего реестр

Приложение 3           
к Правилам назначения и отстранения 
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения  

      Сноска. Приложение 3 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Форма

Реестр назначения администратора внешнего наблюдения на _______
                                                               (дата)

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при наличии) администратора внешнего наблюдения

Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) администратора внешнего наблюдения

Наименование/ фамилия, имя, отчество (при наличии) должника

Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер (ИИН/БИН) должника

Дата и номер определения о возбуждении дела о введении процедуры внешнего наблюдения

Дата приказа о назначении

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

      Фамилия, имя, отчество (при наличии) должностного лица, составившего реестр

Приложение 4                
к Правилам назначения и отстранения     
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения      

Форма           

                                ПРИКАЗ
             о назначении реабилитационного управляющего

      Сноска. Приложение 4 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 января 1997
года «О банкротстве» и на основании определения
_______________________ суда _______________ области (города) от
«____» _________ 20____ года об утверждении плана реабилитации
(отстранении от управления имуществом и делами должника собственника
имущества должника, учредителя (участников) протокола собрания
кредиторов) ________________________________, ПРИКАЗЫВАЮ:
                (наименование должника)
      1. Назначить реабилитационным управляющим _____________________
                              (фамилия, имя, отчество (при наличии))
на __________________________________________________________________
        (наименование должника, бизнес-идентификационный номер (БИН))
      2. Возложить на _______________________________________________
                         (фамилия, имя, отчество (при наличии))
исполнение обязанностей реабилитационного управляющего в соответствии
с требованиями законодательства о банкротстве.
      3. Реабилитационному управляющему _____________________________
                               (фамилия, имя, отчество (при наличии))
обеспечить выполнение требований законодательства о банкротстве.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ____
_____________________________________________________________________
             (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность)

Руководитель территориального подразделения
по области, городу Астана и Алматы
Налогового комитета
Министерства финансов
Республики Казахстан ____________________________________ __________
                    (фамилия, имя, отчество (при наличии)  (подпись)

Приложение 5             
к Правилам назначения и отстранения  
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения   

Форма

                             ПРИКАЗ
               о назначении конкурсного управляющего

      Сноска. Приложение 5 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 января 1997
года «О банкротстве» и на основании решения __________________ суда
_____________________ области (города) от «___» __________ 20 __ года
о признании ____________________________________________ банкротом,
      (наименование/фамилия, имя, отчество (при наличии) должника)
ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Назначить конкурсным управляющим ___________________________
                               (фамилия, имя, отчество (при наличии))
на __________________________________________________________________
      (наименование/фамилия, имя, отчество (при наличии) должника,
индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер
(ИИН/БИН)
      2. Возложить на _______________________ исполнение обязанностей
                (фамилия, имя, отчество (при наличии))
конкурсного управляющего в соответствии с требованиями законодательства о банкротстве.
      3. Конкурсному управляющему ___________________________________
                               (фамилия, имя, отчество (при наличии))
обеспечить выполнение требований законодательства о банкротстве.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на
_____________________________________________________________________
          (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность)

Руководитель территориального подразделения
по области, городу Астана и Алматы
Налогового комитета
Министерства финансов
Республики Казахстан ____________________________________ __________
                     (фамилия, имя, отчество (при наличии) (подпись)

Приложение 6           
к Правилам назначения и отстранения  
реабилитационного и конкурсного управляющих,
администратора внешнего наблюдения 

Форма

                                ПРИКАЗ
             о назначении администратора внешнего наблюдения

      Сноска. Приложение 6 в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра РК - Министра финансов РК от 13.01.2014 № 3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 января 1997
года «О банкротстве» и на основании определения ________________ суда
______________________ области (города) от «____» _______ 20 ___ года
о применении в отношении ____________________________________________
         (наименование/фамилия, имя, отчество (при наличии) должника)
процедуры внешнего наблюдения, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Назначить администратором внешнего наблюдения ______________
                               (фамилия, имя, отчество (при наличии))
на __________________________________________________________________
    (наименование/фамилия, имя, отчество (при наличии) должника,
индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер
(ИИН/БИН)
      2. Возложить на ______________________ исполнение обязанностей
             (фамилия, имя, отчество (при наличии))
администратора внешнего наблюдения в соответствии с требованиями
законодательства о банкротстве.
      3. Администратору внешнего наблюдения _________________________
                               (фамилия, имя, отчество (при наличии))
обеспечить выполнение требований законодательства о банкротстве.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на
_____________________________________________________________________
          (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность)

Руководитель территориального подразделения
по области, городу Астана и Алматы
Налогового комитета
Министерства финансов
Республики Казахстан _____________________________________ __________
                     (фамилия, имя, отчество (при наличии) (подпись)