Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011.12.15 № 637 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 тамыздағы
N 396 бұйрығымен
бекітілген
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушыны тағайындау
және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау
және шеттету, есепке алу және тіркеу
ережесі
Ескерту. Барлық мәтін бойынша «Комитет, оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
Осы Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы басқарушысын тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) және олардың филиалдарының сырттай байқау әкімшісін, оңалту және конкурстық басқарушыны тағайындау мен шеттету, есепке алу және тіркеу тәртібі мен шарттарын белгілейді және сырттай байқау, оңалту және конкурс жүргізу рәсімдеріне қолданылады (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда).
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
конкурстық басқарушы - белгіленген тәртіппен конкурс жүргізуді жүзеге асыру үшін тағайындалған тұлға;
лицензиат - банкроттық рәсімдерінде төлеу қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар және сырттай байқау рәсімімен, оңалту рәсімімен немесе конкурс жүргізумен айналыспайтын жеке тұлға;
оңалтуды басқарушы - оңалту рәсімі кезеңінде Заңда белгіленген тәртіппен төлеу қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін тұлға;
сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға.
2. Сырттай байқау әкімшілері, оңалту және конкурстық басқарушылар лицензиаттардың ішінен тағайындалады, олар туралы мәліметтер Сырттай байқау әкімшілерін, оңалту және конкурстық басқарушыларды есепке алу және тіркеу кітабында (бұдан әрі - Кітап) қамтылады.
3. Кітап Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде және олардың филиалдарында жүргізіледі.
Кітаптағы парақтар бауланады, нөмірленеді және Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшесінің немесе оның филиалының мөрімен бекітіледі.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе оның филиалдары Кітапқа енгізілетін мәліметтердің толықтығы, сенімділігі және уақтылығы үшін, сондай-ақ оның сақталуы үшін жауапты қызметкерді тағайындайтын бұйрық шығарады.
4. Есепке алу мен тіркеу өзі келу сипатында болады және лицензиаттарды Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде не оның филиалдарында дерекқор қалыптастыру мақсатында есепке алу болып табылады.
5. Есепке қою және тіркеу үшін лицензиат Комитеттің аумақтық бөлімшесіне немесе оның филиалына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) банкроттық рәсімдерінде төлеу қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесін;
3) өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
4) өтініш берушінің тұратын жері бойынша ол ұсынылғанға дейін көп дегенде бір ай бұрын бүкіл республика бойынша мәліметтер көрсетіле отырып берілген өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған сотталуының жоқтығы туралы анықтама;
5) өтініш берушінің тұратын жері бойынша ол ұсынылғанға дейін көп дегенде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалар;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Есепке қою және тіркеу туралы өтінішті Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
6. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе оның филиалдары, лицензиатты есепке қою және тіркеу туралы, не есепке қоюдан және тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жібереді.
7. Лицензиатты есепке қою және тіркеу туралы мәліметтер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кітапқа енгізіледі.
Тұрғылықты жерлері өзгерген жағдайда конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі, оңалтуды басқарушы және лицензиат он күнтізбелік күн ішінде бұл туралы Комитеттің аумақтық бөлімшесін немесе оның филиалын жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
8. Мынадай:
1) осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда;
2) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайда есепке қоюдан және тіркеуден бас тартылуға тиіс.
9. Сырттай байқау әкімшісі, оңалту және конкурстық басқарушы:
1) есептен шығару туралы өтініш беру жолымен өз тілегі бойынша;
2) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайда Кітаптан шығарылады.
10. Лицензиат:
1) есептен шығару туралы өтініш беру жолымен өз тілегі бойынша;
2) лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе одан айырған жағдайда;
3) есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалдары хабарламаны алған сәттен бастап бір күннің ішінде тиісті дәрежеде хабарлаған жағдайда конкурс жүргізу, сырттай байқау немесе оңалту жүргізуге жазбаша келісім немесе олардан бас тарту бермеген жағдайда Кітаптан шығарылады.
11. Сырттай байқау әкімшісі, оңалтуды басқарушы, конкурстық басқарушы және лицензиат Кітаптан оған есептен және тіркеуден шығару күні және негіздері туралы мәліметтер енгізу жолымен Кітаптан шығарылады, ол туралы олар үш жұмыс күнінің ішінде жазбаша нысанда хабардар етіледі.
12. Кітапта көрсетілген өтініш берушіні есепке қою күні бойынша кезектілікке сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалдары осы Ережеге 3, 4 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша сырттай байқау әкімшілерін тағайындау тізілімін, оңалтушы басқарушыларды тағайындау тізілімін, конкурстық басқарушыларды тағайындаудың тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жеке-жеке құрастырады және жүргізеді.
Тиісті Тізілімдерге өзгерістер Кітапқа есепке қою немесе есептен шығару туралы жазба енгізудің әрбір жағдайынан кейін, сондай-ақ тағайындау мен шеттетудің, тағайындауды тоқтатудың және сырттай байқау әкімшісінің, оңалтушы, конкурстық басқарушының және лицензиаттың тағайындаудан жазбаша түрде бас тартуы туралы құжат ұсынғанның әрбір жағдайы кезінде енгізіледі.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
2. Сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібі
13. Сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындау тиісті Тізілімдегі лицензиаттардың кезектілігі тәртібімен сырттай байқау рәсімінен бос біріншісінен бастап жүзеге асырылады.
14. Сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, лицензиат есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша хабарлама алған сәттен бастап бір күннің ішінде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректері Тізілімдегі лицензиаттар тізімінің аяғына көшіріледі.
Лицензиаттың сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындаудан қатарынан үш рет бас тартуы болған кезде ол алты ай мерзіміне Тізілімнен шығарылады. Осы мерзім өткеннен кейін лицензиаттың деректері Тізілімнің тиісті тізімінің соңына енгізіледі.
15. Егер Тізілімде конкурс жүргізуден бос лицензиаттар болмаған, немесе олардың сырттай байқау рәсіміне қатысудан жазбаша бас тартуы алынған жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары сырттай байқау әкімшісін сырттай байқау рәсімін жүргізіп жатқан тұлғалардың ішінен тағайындауды жүзеге асырады.
Сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, сырттай байқау әкімшісі есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша хабарлама алған сәттен бастап бір күннің ішінде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректері Тізілімнің тиісті тізімінің аяғына көшіріледі.
16. Сырттай байқау әкімшілерінің кезектілігі Тізілімде мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:
1) сырттай байқау әкімшілері тізімде олар жүргізген сырттай байқау рәсімдерінің саны бойынша топталады;
2) тиісті тізімнің ішіндегі кезектілік бірінші тағайындау күні бойынша реттеледі;
3) сырттай байқау рәсімі аяқталған кезде сырттай байқау әкімшісінің деректері оның жүргізуінде қалған борышкерлер бойынша бірінші тағайындау күні бойынша тиісті тізімге көшіріледі.
Барлық сырттай байқау рәсімдері аяқталған жағдайда сырттай байқау әкімшісінің деректері лицензиаттар тізімінің аяғына көшіріледі.
17. Лицензиатты немесе сырттай байқау әкімшісін Заңның 9-бабы 4-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары тағайындау туралы ұсынысы бар хабарламаны олардың мекен-жайына жібермейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
18. Осы Ереженің 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және сырттай байқау әкімшісін Тізілімнен шығарудың негіздемелері болып табылады.
Лицензиат пен сырттай байқау әкімшісінің Тізілім бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтінішімен 3 айдан аспайтын белгілі бір мерзімге тоқтатылады. Тізілім бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтініште лицензиат пен сырттай байқау әкімшісімен тағайындауды қайта жаңарту күні көрсетіледі.
Лицензиат пен сырттай байқау әкімшісі оны сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындауға жазбаша келісім немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргізілмейді.
Тізілім бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиат пен сырттай байқау әкімшісінің деректері, өтініште көрсетілген мерзімге Тізілімнен алынып тасталады, ол туралы Тізілімге тиісті жазба енгізіледі.
Өтініште көрсетілген тағайындауды тоқтату мерзімі өткеннен кейін, лицензиат пен сырттай байқау әкімшісінің деректері Тізілімнің тиісті тізімінің соңына енгізіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
19. Сырттай байқау әкімшісін тағайындау осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, соттың сырттай байқау рәсімін енгізу туралы анықтамасы күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің немесе оның филиалының бұйрығымен жүргізіледі, оған тиісті өкілеттік берілген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі – сырттай байқау әкімшісіне тапсырылады, екіншісі - Комитеттің аумақтық бөлімшесінде немесе оның филиалында сақталады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
20. <*>
Ескерту. 20-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
21. <*>
Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
3. Оңалтушы басқарушыны тағайындау тәртібі
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
22. Оңалтушы басқарушы ретінде тағайындау тиісті Тізілімге сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Тізілім, Кітапта оңалтушы басқарушы ретінде тіркелген, дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару бойынша немесе сырттай байқау әкімшісі немесе заңды тұлғаның басшысы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар санынан құралады.
Бұл ретте оңалтушы басқарушы екі немесе одан да көп оңалту рәсімдерін жүзеге асыруға тағайындалмайды.
23. Оңалтушы басқарушы ретінде тағайындалған күні оңалтушы басқарушының деректері Тізілімнің соңына көшіріледі.
24. Оңалтушы басқарушы ретінде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, лицензиат есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша хабарлама алған сәттен бастап бір күннің ішінде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректері Тізілімнің соңына көшіріледі.
Лицензиаттың оңалтушы басқарушы ретінде тағайындаудан қатарынан үш рет бас тартуы болған кезде ол алты ай мерзіміне Тізілімнен шығарылады. Осы мерзім өткеннен кейін лицензиаттың деректері Тізілімнің соңына енгізіледі.
25. Лицензиатты Заңның 9-бабы 4-тармағының 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары тағайындау туралы ұсынысы бар хабарламаны олардың мекен-жайына жібермейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
26. Осы Ереженің 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және оңалтушы басқарушысын Тізілімнен шығарудың негіздемелері болып табылады.
Лицензиаттың Тізілім бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтінішімен 3 айдан аспайтын белгілі бір мерзімге тоқтатылады. Тізілім бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтініште лицензиатпен тағайындауды қайта жаңарту күні көрсетіледі.
Лицензиат, оны оңалтушы басқарушы ретінде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, оңалтушы басқарушы ретінде тағайындауға жазбаша келісім немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргізілмейді.
Тізілім бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиаттың деректері, өтініште көрсетілген мерзімге Тізілімнен алынып тасталады, ол туралы Тізілімге тиісті жазба енгізіледі.
Өтініште көрсетілген тағайындауды тоқтату мерзімі өткеннен кейін, лицензиаттың деректері Тізілімнің соңына енгізіледі.
27. Оңалтушы басқарушысын тағайындау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, соттың оңалту рәсімін енгізу туралы анықтамасы күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің немесе оның филиалының бұйрығымен жүргізіледі, оған тиісті өкілеттік берілген тұлға қол қояды және мөрмен расталады.
Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі – оңалтушы басқарушыға тапсырылады, екіншісі - Комитеттің аумақтық бөлімшесінде немесе оның филиалында сақталады.
28. Осы тараудың ережелері оңалтушы басқарушыны Заңның 9-бабының 1-1-тармағына сәйкес тағайындау жағдайларына қолданылмайды.
4. Конкурстық басқарушыны тағайындау тәртібі
29. Конкурстық басқарушы ретінде тағайындау тиісті Тізілімдегі лицензиаттардың кезектілігі тәртібімен конкурс жүргізуден бос біріншісінен бастап жүзеге асырылады.
30. Конкурстық басқарушы ретінде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, лицензиат есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша хабарлама алған сәттен бастап бір күннің ішінде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректері Тізілімдегі лицензиаттар тізімінің аяғына көшіріледі.
Лицензиаттың конкурстық басқарушы ретінде тағайындаудан қатарынан үш рет бас тартуы болған кезде ол алты ай мерзіміне Тізілімнен шығарылады. Осы мерзім өткеннен кейін лицензиаттың деректері Тізілімнің тиісті тізімінің соңына енгізіледі.
31. Егер Тізілімде конкурс жүргізуден бос лицензиаттар болмаған, немесе олардың конкурстық басқарушы ретінде тағайындаудан жазбаша бас тартуы алынған жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары конкурстық басқарушыны конкурс жүргізіп жатқан тұлғалардың ішінен тағайындауды жүзеге асырады.
Конкурстық басқарушы ретінде тағайындаудан бас тартқан жағдайда, конкурстық басқарушы есепке қою туралы өтініште көрсетілген тұрғылықты жері бойынша хабарлама алған сәттен бастап бір күннің ішінде бас тартуы туралы жазбаша нысанда құжат ұсынады. Бұл жағдайда оның деректері Тізілімдегі лицензиаттар тізімінің аяғына көшіріледі.
32. Конкурстық басқарушылардың кезектілігі Тізілімде мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:
1) конкурстық басқарушылар тізімде олардағы таратылатын борышкерлердің саны бойынша топталады;
2) тиісті тізімнің ішіндегі кезектілік бірінші тағайындау күні бойынша реттеледі;
3) конкурс жүргізу аяқталған кезде конкурстық басқарушының деректері оның жүргізуінде қалған борышкерлер бойынша бірінші тағайындау күні бойынша тиісті тізімге көшіріледі.
Барлық конкурс жүргізулер аяқталған жағдайда конкурстық басқарушының деректері лицензиаттар тізімінің аяғына көшіріледі.
33. Лицензиатты немесе конкурстық басқарушыны Заңның 9-бабы 4-тармағының 1), 3)-6) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын немесе конкурстық басқарушы конкурс жүргізуді Заңда белгіленген мерзімінен асырып жүзеге асырған жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары тағайындау туралы ұсынысы бар хабарламаны олардың мекен-жайына жібермейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
34. Осы Ереженің 9, 10-тармақтарында көзделген жағдайлар лицензиатты және конкурстық басқарушысын Тізілімнен шығарудың негіздемелері болып табылады.
Лицензиат пен конкурстық басқарушының Тізілім бойынша тағайындалуы, осы тармақта белгіленген жағдайларды қоспағанда, олардың жазбаша өтінішімен 3 айдан аспайтын белгілі бір мерзімге тоқтатылады. Тізілім бойынша тағайындалуды тоқтату туралы өтініште лицензиат пен конкурстық басқарушымен тағайындауды қайта жаңарту күні көрсетіледі.
Лицензиат пен конкурстық басқарушы оны конкурстық басқарушы ретінде тағайындау туралы хабарлама алған сәттен бастап, конкурстық басқарушы ретінде тағайындауға жазбаша келісім немесе бас тарту бергенше тағайындауды тоқтату жүргізілмейді.
Тізілім бойынша тағайындау тоқтатылған жағдайда, лицензиат пен конкурстық басқарушының деректері, өтініште көрсетілген мерзімге Тізілімнен алынып тасталады, ол туралы Тізілімге тиісті жазба енгізіледі.
Өтініште көрсетілген тағайындауды тоқтату мерзімі өткеннен кейін, лицензиат пен конкурстық басқарушының деректері Тізілімнің тиісті тізімінің соңына енгізіледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
35. Конкурстық басқарушысын тағайындау осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, борышкерді банкрот деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде, Комитеттің аумақтық бөлімшесінің немесе оның филиалының бұйрығымен жүргізіледі, оған тиісті өкілеттік берілген тұлға қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі – конкурстық басқарушыға тапсырылады, екіншісі - Комитеттің аумақтық бөлімшесінде немесе оның филиалында сақталады.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
36. <*>
Ескерту. 36-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
37. <*>
Ескерту. 37-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
38. Осы тараудың ережелері конкурстық басқарушыларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізудің қорытындылары бойынша тағайындау жағдайларына қолданылмайды.
5. Сырттай байқау әкімшісін, оңалтуды басқарушыны және
конкурстық басқарушыны шеттету
39. Сырттай байқау әкімшісі, оңалту және конкурстық басқарушы лицензияларының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, борышкердің істері мен мүлкін басқарудан, көрсетілген өкілеттіліктерді жүзеге асыру үшін тағайындалғандай тәртіппен шеттетіледі.
Лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.
6. Қорытынды және өтпелі ережелер
40. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін Кітапқа конкурстық басқарушылар ретінде тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер Кітапқа олар тіркелгендей тәртіппен көшіріледі.
41. Осы Ереже енгізілгенге дейін тиісті қызметті жүзеге асырған сырттай байқау әкімшісі, оңалтуды басқарушы Есепке алу және тіркеу кітабына тиісті мәліметтерді енгізу үшін өтініш беру жолымен тіркеуден өтуге тиіс.
42. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейін конкурстық басқарушыларды Есепке алу және тіркеу кітабына тіркелген сырттай байқау әкімшісі, оңалтуды басқарушы болып тағайындалуға тілек білдірген лицензиаттар мен конкурстық басқарушылар осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбастан тиісті жазбаша өтініштерін ұсынады.
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу және
тіркеу ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің
Өңіраралық департаменті___________________
_________________________________________
(аты-жөні)
____________________________
(іс жүзінде тұратын жерінің мекен-жайы,
байланыс телефондары)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
(конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі және/немесе
оңалтуды басқарушы - өтініш берушінің таңдауы бойынша)
ретінде есепке қоюыңызды және тіркеуіңізді сұраймын.
Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
1) жеке басымды куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) банкроттық рәсімдерінде төлеу қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның көшірмесі;
3) өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесі;
4) өтініш берушінің тұратын жері бойынша ол ұсынылғанға дейін көп дегенде бір ай бұрын бүкіл республика бойынша мәліметтер көрсетіле отырып берілген өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған сотталуының жоқтығы туралы анықтама;
5) өтініш берушінің тұратын жері бойынша ол ұсынылғанға дейін көп дегенде бір ай бұрын наркологиялық және психиатриялық диспансерлер берген медициналық анықтамалар;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері.
(қолы) (аты-жөні)
"____"____________ 200___жыл.
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 2-қосымша
Конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін, оңалтуды
басқарушыны есепке алу және тіркеу кітабы
Р/с |
Есептік |
Аты- |
Үйінің |
Конкурс- |
Есептік |
Есептік |
Жазбаны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 3-қосымша
Конкурстық басқарушыларды тағайындау
тізілімі
Р/с |
Конкурстық |
Есепке |
Борышкердің |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Лицензиаттар |
||||
Бір борышкерді таратумен айналысып жатқан конкурстық басқарушылар |
||||
Екі борышкерді таратумен айналысып жатқан конкурстық басқарушылар |
||||
Үш борышкерді таратумен айналысып жатқан конкурстық басқарушылар ** |
||||
Тізілімді жасаған лауазымды тұлғаның аты-жөні
* конкурстық басқарушы ретінде бірінші тағайындалған күні
** таратылатын борышкерлердің саны бойынша одан әрі қарай
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 4-қосымша
Сырттай байқау әкімшісін тағайындау
тізілімі
Р/с |
Сырттай |
Есепке қойылған |
Борышкердің |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Лицензиаттар |
||||
Бір борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімімен айналысып жатқан сырттай байқау әкімшілері |
||||
Екі борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімімен айналысып жатқан сырттай байқау әкімшілері |
||||
Үш борышкерге қатысты сырттай байқау рәсімімен айналысып жатқан сырттай байқау әкімшілері ** |
||||
Тізілімді жасаған лауазымды тұлғаның аты-жөні
* сырттай байқау әкімшісі ретінде бірінші тағайындалған күні
** сырттай байқау рәсіміндегі борышкерлердің саны бойынша одан әрі қарай
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
Бұйрық
Конкурстық басқарушыны
тағайындау туралы
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ________________облысы (қаласы) _______сотының 200__ жылғы "___" __________ __________________________________________ банкрот деп тану
(банкроттың атауы)
туралы шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынау:
___________________________________________________________________
(аты-жөні - толық)
______________________________________________конкурстық басқарушы
(банкроттың атауы)
болып тағайындалсын.
2. _________________________________ "Банкроттық туралы"
(аты-жөні)
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес конкурстық басқарушының міндеттерін атқару жүктелсін.
3. Конкурстық басқарушы ___________________________________
(аты-жөні)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 70-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Конкурс жүргізуді __________________қарай аяқтасын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ________________________________________________________жүктелсін.
(лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы)
(Департаменттің, филиалдың
басшысы) __________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
Бұйрық
Сырттай байқау әкімшісін
тағайындау туралы
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ________________облысы (қаласы)_______сотының 200__ жылғы "___" __________ _______________________қатысты сырттай байқау рәсімін енгізу туралы
(борышкердің атауы)
шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынау:
____________________________________________________________________
(аты-жөні - толық)
_____________________________________________сырттай байқау әкімшісі
(борышкердің атауы)
болып тағайындалсын.
2. _________________________________ "Банкроттық туралы"
(аты-жөні)
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес сырттай байқау әкімшісінің міндеттерін атқару жүктелсін.
3. Сырттай байқау әкімшісі ___________________________________
(аты-жөні)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 41-4-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
________________________________________________________жүктелсін.
(лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы)
(Департаменттің, филиалдың
басшысы) __________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы
басқарушыны тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық басқарушыны
тағайындау және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне 7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
Бұйрық
Оңалтуды басқарушыны
тағайындау туралы
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ________________облысы (қаласы) _______сотының 200__ жылғы "___" __________ ________________________________қатысты оңалту рәсімін енгізу туралы
(борышкердің атауы)
шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынау:
____________________________________________________________________
(аты-жөні- толық)
______________________________________________оңалтуды басқарушы
(борышкердің атауы)
болып тағайындалсын.
2. _________________________________ "Банкроттық туралы"
(Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес оңалтуды басқарушының міндеттерін атқару жүктелсін.
3. Оңалтуды басқарушы ___________________________________
(аты-жөні)
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 51-бабы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау
________________________________________________________жүктелсін.
(лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы)
(Департаменттің, филиалдың
басшысы) __________ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
Сырттай байқау әкімшісін,
оңалтушы басқарушыны
тағайындау және шеттету,
сондай-ақ конкурстық
басқарушыны тағайындау
және шеттету, есепке алу
және тіркеу ережесіне
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.04.13 N 167 бұйрығымен.
Оңалтушы басқарушыны тағайындау тізілімі
№ |
Оңалтушы басқарушының немесе лицензиаттың Т.А.Ә. |
Есепке қойылған күні немесе бірінші тағайындау күні |
Борышкердің атауы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Тізілімді жасаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 396 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының күші жойылған
кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда N 1946 тіркелген "Конкурстық басқарушыны тағайындау, есепке алу және тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығы .
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 14 наурызда N 2204 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 "Конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттетуін бекіту туралы" Бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 14
бұйрығы .
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 31 наурызда N 4163 тіркелген "Конкурстық басқарушыны тағайындау және босату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 66 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 11 бұйрығы .
4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 сәуірде N 4188 тіркелген "Сырттан қадағалайтын әкімшіні тағайындау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 18 бұйрығы .