"Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 198 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 мамырда № 7651 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 28.04.2014 № 189 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 10-2-бабының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттетуқағидасында:
      456 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес Тізілімге енгізілетін мәліметтердің толықтығына, дұрыстығына және уақтылығына, сондай-ақ оның сақталуына және Тізілімнің мұрағатын жүргізуге жауапты қызметкерді тағайындайтын бұйрық шығарады.
      5. Конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркеудің есепке алу нысанында Құжаттамалау ережесіне сәйкес сот актілерін есепке тіркеудің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі тиісті Тізілімге сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындайды.
      7. Конкурстық басқарушыны сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындалған күн, ол туралы мәліметтер Тізілімнің соңына көшіріледі.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы, борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларын (қатысушыларын) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету туралы сот ұйғарымы, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін, сондай-ақ оңалтушы басқарушыны шеттеткен кезде кредиторлар жиналысы хаттамасын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау тиісінше осы Қағиданың 4-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүргізіледі, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орнын басатын тұлға қол қояды және мөртаңбамен расталады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі.
      10-2. Оңалту рәсімі барысында осы Қағиданың 10 және 10-1-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ол туралы кредиторларды хабардар етеді.
      Кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтушы басқарушының кандидатурасын үш жұмыс күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлармен кандидатура ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оңалтушы басқарушыны тағайындайды.»;
      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда, олар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.»;
      көрсетілген Қағидаға 1 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және  2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 
1-қосымша     

Оңалтушы және конкурстық    
басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін
тағайындау және шеттету қағидасына
1-қосымша           

Нысан

______________ оңалтушы басқарушыны тағайындау тізілімі
(күні)                                          


р/с

Оңалтушы басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы басқарушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Борышкердің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

Оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ұйғарымның/кредиторлар жиналысы хаттамасының күні және нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2012 жылғы 9 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 
2-қосымша    

Оңалтушы және конкурстық    
басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін
тағайындау және шеттету қағидасына
4-қосымша           

Нысан

Оңалтушы басқарушыны тағайындау туралы

БҰЙРЫҚ

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ____________________ оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер        (борышкердің атауы)
мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ______________ облысы (қаласы) ____________ сотының 201 ___ жылғы « » _____________ ұйғарымының/кредиторлар жиналысы хаттамасының негізінде,

БҰЙЫРАМЫН:

      1. _________________________________ оңалтушы басқарушысы болып
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес-сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ тағайындалсын.
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
      2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының міндеттерін атқару __________________________________________________________ жүктелсін.
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)толық)

      3. Оңалтушы басқарушысы _______________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)толық)
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ___________________________
                                         (лауазымды тұлғаның (тегі,
_____________________________________________________________________
          аты, әкесінің аты (бар болса) (толық), лауазымы)
жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті
аумақтық бөлімшесінің басшысы ________________________ ______________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)    (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады