Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2012.05.30 № 107-657 (2012.07.01 бастап) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2009-2010 оқу жылына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 22-966қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 18 қарашада № 596 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 135 (2456), "Вечерняя Астана" газетінің 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 143-144 (2445) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2009-2012 оқу жылдарына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы";
1-тармақта:
"2009-2010 оқу жылына" деген сандар мен сөздер "2009-2012 оқу жылдарына" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
атауы мына редакцияда жазылсын:
"Республикалық бюджеттің ағымдағы мақсатты трансферттері есебінен 2009-2012 оқу жылдарына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы";
"Асу" гуманитарлық-техникалық колледжі" деген бөлімде:
1304000 "Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)" деген жолда:
"Барлығы" деген бағандағы "50" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"11-сынып" "орыс тілінде оқыту" деген бағандағы "25" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
1410000 "Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу және пайдалану" деген жолда:
"Барлығы" деген бағандағы "50" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
"11-сынып" "орыс тілінде оқыту" деген бағандағы "25" деген сан алынып тасталсын;
0713000 "Геодезия и картография" деген жол алынып тасталсын;
0501000 "Әлеуметтік жұмыс" деген жолда:
"Барлығы" деген бағандағы "25" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"11-сынып" "қазақ тілінде оқыту" деген баған "50" деген санмен толықтырылсын;
"Барлығы" деген жолдағы:
"11-сынып" "қазақ тілінде оқыту" деген бағандағы "75" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын;
"11-сынып" "орыс тілінде оқыту" деген бағандағы "100" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"Қала бойынша жиынтығы" деген жолдағы "555" және "780" деген сандар тиісінше "580" және "755" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Білім басқармасының бастығы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов