Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 мамырдағы № 107-657 қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2012 жылғы 1 шілдеден бастап Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      Әкім                                         И. Тасмағамбетов

      Әкімнің орынбасары                           А. Балаева

      Мемлекеттік-құқықтық
      бөлімінің меңгерушісі                        Д. Досқұлов

      «Астана қаласының Білім
      басқармасы» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                          Ә. Бимендина

Астана қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 30 мамырдағы 
№ 107-657 қаулысына қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді мамандар даярлаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы
21 шілдедегі № 22-834қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 тамыздағы № 545 болып тіркелген, 2008 жылғы 4 қазандағы № 117 (2281) «Астана ақшамы», 2008 жылғы 4 қазандағы № 120 (2264) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2.  «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер
есебінен 2009-2010 оқу жылына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 22-966қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 18 қарашадағы № 596 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 135 (2456) «Астана ақшамы», 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 143-144 (2445) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      3. «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2009-2010 оқу жылына Жол картасы аясында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қазандағы № 22-966қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы № 22-541қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымдағы № 677 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдедегі № 78 (2688) «Астана ақшамы», 2011 жылғы 14 шілдедегі № 83 (2693) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      4. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді
мамандар даярлаудың 2008-2009 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 шілдедегі № 22-834қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы № 22-543қ қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымдағы № 678 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 шілдедегі № 78 (2688) «Астана ақшамы», 2011 жылғы 14 шілдедегі № 83 (2693) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады